Мектебім-ау, мектебім,
Сенде өстім, көктедім.
Арманым көп менің де
Мен есейіп жеткен күн.
Ұстаз деген бүгінде
Ол – екінші анамыз.
Білім берген бастауыш
Біз қоштасып барамыз.
Қош бол, бала қоңырау,
Айтып жүрем ән қылып.
Мектеп кеме атанған
Шәкіртіңмін мәңгілік.
Сабырғали Динара,
Опорный орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы,
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы