Home » Балабақша » Қош бол, балабақша

Қош бол, балабақша

 ертеңгілігі

 Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері біз бүгін мәпелеп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді, ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.

Өтті қызық көп күндер

Жеті жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер – деп сүйікті балабақшасымен қимастықпен қоштасатын балаларымызды құрметпен карсы алайық!

(балалар қолдарына шарларын ұстап  музыка әуенімен залға кіріп, би билейді)

 1-Аружан            Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді бастайық

Жүздерінен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

2-бала    Мәпелеген анамыз,
Бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз,
Оқып білім аламыз.

3-бала                 Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән жаттап
Оқып жазып үйрендік

4-бала                 Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біз мектепке  барамыз

5-бала                 Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында
Көп оқыдық, көп білдік
Ел мен Отан жайында

Ән: «Балабақшада»

Музыка ойналып: (Буратино мен Мальвина келеді)
Мальвина: Жүр, деймін жүр.Мен саған балалар балабақшада қалай оқиды екенін көрсетемін.
Буратино: Балабақша, балабақша деп, неге қайталай бересің. Мен онсыз-ақ бәрін білемін.
Мальвина: Бәрін деймісің? Ал суретке қарап әңгіме құрастыра білесің бе?
Буратино: Әңгіме құрау ? (Буратино басын қасиды)
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, Буратино мен Мальвина! Сендер қайдан келе жатырсыңдар?
Мальвина: Міне, Буратиноны балабақшаға әкелдім. Ол мүлдем мектепке барғысы келмейді. Ал жазған кезде тіпті дәптеріне қарауға ұят.
Жүргізуші: Мұның қалай Буратино. Егер сен оқымасаң, білімсіз, әрі сауатсыз адам болсаң, мектепке қалай барасың? Ал сауатты болу үшін жақсы оқу керек.

Ал бәрін білсең сен бізге атыңды жазып берші.

(Буратино жаза алмай қалады.) Балалар Буратиноға мектепке дайын екендеріңді көрсетіңдерші.

Балаларға тапсырма беру

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Сөйлем неден құралады?

(Балалар Мектеп, оқушы, парта деген сөздерді жазып береді.)
Мальвина: Көрдің бе, Буратино! Балалар бәрін біледі, ал сен болсаң, үп-үлкен болып ештеңе білмейсің!
Буратино: Иә, расында да ұят болды.

Жүргізуші: Көрдің бе, Буратино біздің балалар қандай ақылды. Олар қандай тапсырмалар болсын орындай алады. Оның бәрі білімнің арқасында. Сондықтан, Буратино ақылды болу үшін, білім керек екен.
Сен ертеңнен бастап мектепке баруға дайындал . Келістік пе?
Буратино: Келістік.

Жүргізуші: Балалар Буратиноға әдемі әнімізді шырқап берейікші.

Буратинода бізбен билеп, көңілін көтерсін.

Ән: «Кішкентай жұлдыздар»

Буратино: Балалар сендер білімді, әрі өнерлі екенсіңдер.

Мальвина: Мен сіздердің бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтап, ата-аналарға бір ойын ойнатқым келіп тұр. Қане ата-аналар ортаға шығыңыздар ойынның аты «Көңілді  әріптер»

Ойын: «Көңілді әріптер»

Буратино: Балалар сендерге қарап білім алу қажет екенін түсіндім. Мен барып сабаққа дайындалайын. Қош сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші: Балалар сендер қандай оқу құралдарын білесіңдер? ( Кітап, дәптер, қалам, т.б)

Ендеше сол құлардар жайлы көрініс тамашалайық.

Көрініс:  «Портфель»

Жүргізуші:    Достығымыз достар арылмасын

Қуанышқа көңіліміз тола берсін

Нұрлы аспан астында

Әрқашан жолымыз бола берсін -деп,  балалардың «Достар»

биін қабыл алыңыздар.

Би: «Достар»

Жүргізуші:      Балалар сендерді құттықтауға ересек топтарының балалары келіпті.

Ересек тобының балалары би билеп береді.

Жүргізуші:      Бүгін қызық бүгін той

Біздер үшін біліп қой

Ән де салып, би билеп

Жалғастырсын ойды-ой

Ән: Выпускной

(Музыка әуенімен залға Екілік кіреді.)

Екілік:  Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені де өздеріңмен мектепке ала кетіңдерші.

Жүргізуші: Сіз кімсіз? Қайдан жүрсіз?

Екілік: Мен екілікпін мектептегі ең керемет бағамын.

Жүргізуші: Бізге екіліктің керегі жоқ. Біздің балалар тек 4-5 тік қана алады.

Екілік: 4-5 — ті қайтесіңдер оқып, бастарыңды қатырмайсыңдар, екімен оқысаңдар өздеріңе жеңіл болады, оданда менімен дос болыңдар.

Жүргізуші: Біздің балалар еңбектенуге үйренген тек жақсы бағамен оқиды.

Екілік: Түсінікті барлығың үздік оқушы болғыларың келеді ғой. Ол үшін білім керек.

Жүргізуші: Біздің балалар білімді.

Екілік: Солай ма, онда тексеріп көрейін.

Аулада екі үйрек

Қорада екі үйрек

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек?(2)

Алма ағашта жеті алма

Қандай тәтті жесе алма

Ал төртеуін жеп қойсам

Қалады онда неше алма?(3 алма)

Ал білгіш болсаңдар айтыңдаршы қандай сандардың қосындысы 8 болады.

(Балалар:  Әуен ойнаған кезде жүгіріп шығып, карточкаларды құрастырып  көрсетеді.)

4+4=8          5+3=8        6+2=8       7+1=8

Жүргізуші: Көрдің бе, Екілік біздің балалар білімді. Сен біздің балаларды басқаша тексеріп көр.

Балалар екілікпен ойын ойнайсыңдар ма? «Көңілді бестік» деген ойын ойнаймыз.

Ойын: «Көңілді бестік»

Екілік: Сендерден соңғы рет сұраймын. Мені өздеріңмен бірге ала кетесіңдер ме?

Балалар: Жоқ.

Екілік: Жарайды, сендерге ренжідім. Онда басқа балабақшаға барайын мүмкін мені ала кететін балалар бар шығар мен кеттім.

Жүргізуші: Бізге екілік те, үштік те керек емес. Одан да мерекемізді жалғастырып, көңілді ән шырқайық. Біздің балалар өз тілінде ғана емес өзге тілде де сөйлеуді үйренді.

Ағылшынша ән

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Әсем бимен, түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады

Ұлдардың орындауында «Әже жүрші мектепке»  әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Әже жүрші мектепке »

Жүргізуші:    Қыздарды біз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін шаттана
Би: «Испан биі»

Жүргізуші:    Жаңа өмір басталсын

Үміт сенім ақталсын

Ұмытылмай балабақша вальсі

Көңілде мәңгі сақталсын.

Би:  «Вальс

Барлығы:     Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош — сау бол!

Ән: «Қоштасу әні»

Жүргізуші:    Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- дей келе

сөз кезегі  балабақша меңгерушісі Ұлтуар Мухамерқызына беріледі.

Тілек айтылып болғаннан кейін аналары балаларын жетектеп ақ жол болсын деген ырыммен,  жайылған ақ төсеніштің үстімен алып шығады.

Умирбаева Арайлым Талгамбаевна

 №7 ясли-бақшасының

 тәрбиешісі

Талдықорған қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.