Home » Балабақша » Қош бол, алтын ұя – балабақшам!

Қош бол, алтын ұя – балабақшам!

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көп көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, мектеп жасына дейінгі  балалардың тапқырлығымен іскерлігін, ізденімпаздық пен шығармашылығын мейілінше дамыту жолында коптеген жұмыстар жүргізіледі.. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деге дамытуын ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби ойын әрбір педагог, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар еді.
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, «Күн шуақ» бөбекжайында 2013 жылы сәбилер тобына бір топ бүлдіршіндер кабылданып, бөбекжайда мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты мен үлгілік оқу бағдарламасына сай жан-жакты білім алып келді. Осы 4 жыл ішінде бүлдіршіндеріміз түрлі сайыстарға, байқауларға, республикалық олимпиадаларға  қатысып, алғыс хат, грамота, дипломдармен марапатталған.
Міне биыл, яғни 2017жылдың мамыр айында осыдан төрт жыл бұрын балабақша табалдырығын аттаған балапандарымыздың қанаты  қатайып  алтын ұя – балабақшамыздан түлеп ұшты. Ата-аналармен бірлесе отырып ұйымдастырған «Қош бол, алтын ұя – балабақшам!» атты мерекелік қоштасу кешінде «Ересектер»  тобының тәрбиеленушілері ұстаздарына алғыстарын ән жыр билерімен білдірді.
Қимастықпен  қоштаса отырып  бүлдіршіндерімізге ақ жол  сапапрларына сәттілік  тілей отырып мектепке  шығарып салдық..
Келешекте аталған бүлдіршіндеріміз ел тізгінін берік  ұстайтын болашағы зор азамат боларына   сеніміміз мол!

 

Света Ғаниқызы
«Күн шуақ» бөбекжайы тәрбиешісі
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.