«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да «Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында қосымша білім ұйымдарының педагогтарына арналған курстар өткізіліп жатыр. Курстың негізгі мақсаты мен міндеті – қосымша білім педагогтарының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Бос уақыт бала өмірінде маңызды орын алады, ал педагогтың міндеті – қосымша білім беру ұйымдарында оның уақытын қызықты және пайдалы ұйымдастыру. Мұғалімдер дарынды және шығармашыл балалармен жұмыс жасау саласындағы жаңа, заманауи біліммен танысады, білім алушылардың шығармашылығын дамытудың тиімді тәсілдері мен технологиясын біледі.
Оқыту үрдісінде педагогтар балалардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасын өткізуге және баланың жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыруға, қосымша білім педагог қызметінің психологиялық-педагогикалық аспектілерін анықтауға үйренеді. Тәрбиеленушілердің табысты әлеуметтік бейімдеу шарты ретінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту ерекше маңызды рөл атқарады.
Курс қорытындысы бойынша мұғалімдердің шығармашылық ойларының, креативтік және педагогикалық шеберлігінің көрсеткіші ретінде курстың портфолиосы құрастырылады.
Жаналина Л.Е.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша
ПҚ БАИ» ББҮППҚ кафедрасының аға оқытушысы