«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-да филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамына ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу жұмысы мектебі ашылды. «Ғылыми зерттеу және тәжірибелік қызмет әдіснамасы» тақырыбы бойынша мектептің бірінші сессиясы өткізілді.
Филиал қызметкерлер мен оқытушыларды Челябі мемлекеттік мәдениет институтының ғалымдары: Р.А.Литвак, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, әлеуметтік білім беру академиясының академигі, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі; Е.В.Швачко, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; Н.Г.Апухтина, философия ғылымдарының докторы, профессор, жоғары мектептің еңбек сіңірген қызметкері.
Екікүндік «Ғылыми зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері» атты семинар шеңберінде педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және өткізу, педагогикалық зерттеудің әдіснамалары, педагог-зерттеушінің құзыреттілігін қалыптастыру, жас зерттеушілердің әдіснамалық қиыншылықтары және оларды жою жолдары сынды маңызды тақырыптар қарастырылды.
Интерактивті режимде филиалдың оқытушылары мен қызметкерлері үш топқа бөлініп, екі апта бойы жобаларын дайындап, оларды қорғады. Бас сарапшылар ғалымдары болды, олар ұсынылған жобаларды бағалап қана қоймай, практикалық ұсыныстар берді.
Л.В.Колбасина,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы инновациялық дамытуды
әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы