Home » Жаңалықтар » Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің қазақстандық білім берудің жетістіктері туралы брифинг өткізді

Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің қазақстандық білім берудің жетістіктері туралы брифинг өткізді

2016 жылдың 12 желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Қазақстан-Қостанай» облыстық телерадиокомпаниясының баспасөз-клубында TIMSS- 2015 халықаралық зерттеулерде қазақстандық білім берудің жетістіктері туралы брифинг өткізді.

Брифингке: Г.Ж.Сұлтанғазина, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары, Е.М.Диденко филиалдың академиялық бөлімінің бастығы, Г.И.Данильченко, филиалдың мектепке дейінгі , бастауыш оқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасының меңгерушісі, Г.К.Бекмагамбетова, филиалдың мектепке дейінгі , бастауыш оқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасының аға оқытушысы, сондай-ақ Қостанай облысының Надеждин ОМ директоры Т.В.Бучковская және Рудный қаласы №17 ОМ директорының орынбасары Е.Н. Юнусова қатысты.

Брифинг барысында спикерлер «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның профессорлық-оқытушылық құрамымен әзірленген TIMSS – 2015 халықаралық зерттеулер нәтижелері туралы, халықаралық зерттеулерге дайындалу кезеңіндегі педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша филиалдың қызметі туралы, біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламаларының мазмұны мен ерекшеліктері туралы баяндады.

Г.Ж. Сұлтанғазина беделді халықаралық зерттеу педагогтердің ерен еңбегінің, ата-аналар тарапынан қолдау көрсету мен оқушылар талпынысының арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Көңіл жетерлік нәтижелерге қол жеткізуге 2013-2015 жылдары облыс мектептерінің 150 педагогын біліктілікті арттыру курстарынан өткізген, оның ішінде халықаралық зерттеуге қатысқан 9 мектептің ұстаздарын оқытқан филиал да өз үлесін қосты.

Курс тематикасы халықаралық зерттеулердің негізгі принциптерін көрсетті, талаптармен, керек-жарақтармен және тапсырмалармен таныстыруға бағытталды.

Брифингке зерттеулерге тікелей қатысқан білім беру ұйымдарының басшылары Қостанай облысының Надеждин ОМ директоры Т.В.Бучковская мен Рудный қаласы №17 ОМ директорының орынбасары Е.Н. Юнусова шақырылды. Өз сөзінде

мониторингтік зерттеуден өтудің амалын, олардың мектеп мұғалімдері БА курстарына дайындалуына егжей-тегжейлі тоқталып, педагогикалық ұжым, оқушыларға TIMSS – 2015 мақсаты мен міндеттері туралы жеткізе білу керек екендігін айтып кетті.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде журналистер брифинг қатысушыларына өздерін қызықтырған сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.