Home » Жаңалықтар » Қостанай облысының үлгілі отбасылары

Қостанай облысының үлгілі отбасылары

2017 жылдың 17 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Қостанай облысының үлгілі отбасылары» кітабының тұсаукесуі өтті. Оған біздің облысымыздың 77 үздік отбасылары енді.

Кітап біздің Отанымыздың әрі қарай дамуына ықпал ететін, жалпы адамзаттың еңбексүйгіш пен адамгершілік құндылықтарын әрі қарай жалғастыруы үшін Қостанай облысының үлгілі отбасыларының тәжірибелерімен жас ұрпаққа танысуға көмек береді.

Ел Көшбасшымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «…патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады», — деп жазды.

«Қостанай облысының үлгілі отбасылары» жинағында ұсынылған мақалалар авторлары балалар ата-анасының көрінісі болып табылатын, мінез-құлық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, ұқыптылық мәнеріне қатысты олардың көзқарастарымен бөлісетін, ұрпақтан ұрпаққа таратылатын мәдени үлгілерінің негізгі тасымалдаушысы болып табылатынын көрсетті.

Тұсаукесер достық жылы қарым-қатынаста өтті. 10-ға жуық отбасы өкілдері қатысты. Әрбір қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, барлығына кітап даналары мен дипломдар табысталды.

«Көпбалалы отбасы» номинациясымен 12 бала тәрбиелеп отырған, оның 11 асыранды балалар, Қостанай ауданынан келген интернационалдық, патронаттық отбасы Төлегеновтер және үлкен, тату, еңбекқор отбасы Жанбыршиндер марапатталды.

«Дәстүрді ұстанушы отбасы» номинациясы Левит және Насыровтар отбасыларына ұсынылды. Бұл отбасылар үшін дәстүрді сақтау – біздің Отанымыздың отансүйгіш қазақстандықтардың игілігі үшін табысты қызмет етуге мүмкіндік беретін болашаққа деген сенімнің негізі.

Кітабымыздың басты кейіпкерлері ұстаздар отбасы ғана емес, олар – педагогикалық әулеттер. Олардың қатарына Дангиловтар мен Абикеновтер отбасылары кіреді. Балаларына, кәсібіне, мектепке деген сүйіспеншіліктерін ұрпақтан ұрпаққа табыстай отыра, оларға «Ұстаздар отбасы» номинациясы берілді.

Қорытындысында «Өнерлі отбасы» номинациясымен марапатталған екі тамаша, шығармашылық және музыкалық отбасылар Қарабалық ауданынан келген — Лысоченко және Левицкий. Ал Қашқымбаевтар отбасы болса өздерінің сыңғырлаған дауыстарымен барша қонақтарды таң қалдырып, тамаша бір әнімен қуантты.

«Қостанай облысының үлгілі отбасылары» кітабымен жұмыс жалғасуда және біздің облысымыздың жаңа лайықты және елеулі отбасыларымен толықтырылатын болады. Кітаптың электрондық нұсқасын http://orley-kost.kz сайтынан көруге болады.

Бакуменко С.В.,

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы

Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, қоғаммен және

басылым қызметімен байланыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.