Home » Білім және өнер » Қорғалжын өңірінің мақтанышы

Қорғалжын өңірінің мақтанышы

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттері мектепте өткізген уақыты болып табылады. Мектеп — білім айдынындағы үлкен кеме.

Осындай іргелі білім ордасының бірі Ақмола облысы Қорғалжын ауданында Қорғалжын ауылында 1964 жылы құрылған Қорғалжын орта мектебі.1999 жылдың сәуір айынан бастап «Қорғалжын мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі атағы берілді, 1999 жылдың 21 сәуірінен бастап Ақмола облыстық білім беру бөлімінің бұйрығымен лицензия алды. Қазіргі таңда мектебімізде 61 мұғалім қызмет атқарады. Олардың ішінде жоғары санатты – 10 мұғалім, бірінші санатты – 25 мұғалім, екінші санатты – 11 мұғалім, санатсыз – 15 мұғалім. Мектебімізде 410 оқушы білім алады, 31 сыныптық комплект бар. Мектепте оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Қазіргі заман талабына сай сынып кабинеттері компьютермен, лингофондық бөлмемен жабдықталған кең де жарық сынып бөлмелері, шеберханасы, спорт залы бар. Мектебіміз аудан орталығындағы биік, сәулетті ғимараттардың бірі. Мектебіміз ғаламтор желісіне қосылған.

Мектебіміздің өзекті тақырыбы: «Оқушыларды Қазақстандық ұлтжандылық рухында тәрбиелеп, саралап оқыту арқылы білім деңгейінің сапасын көтеру, қабілетті, дарынды тұлға қалыптастыру». Мақсаты: педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру; оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру болып табылады.

Жаңа бағыт, жаңа қадам жасап жатқан мектебіміздің жетістіктері де орасан зор. Білім ордасында тәжірибелі, білімді ұстаздар оқушылардың білімді де саналы болуып қалыптасуына өз үлестерін қосуда. Әр жыл сайын мектебіміз республикалық, облыстық, аудандық іс-шараларға мұғалімдер мен оқушылар белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленді. 2014-2016 оқу жылдарында «Алтын белгі» үміткерлерінің үшеуі, «Ерекше үлгідегі аттестаттың екеуі ақтап, мектебіміздің мәртебесін асқақтатты.

Білім ошағында шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, түрлі іс-шараларға қатысуын қадағалайтын мектептің әкімшілік құрамы жұмыс атқарады. Мектепті білімді де білікті басшы Тәжин Нұрлан Есіркепұлы басқарады. Сонымен қатар ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасар Жусупова Баян Амангельдиновна, оқу ісі жұмысы бойынша орынбасар Қуанышева Индира Сагатбеккызын, бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие ісі бойынша Байқадамова Назгуль Төлеуовна, тәрбие ісі жұмысы бойынша Ашимова Гульмира Каримжановна, әскери-патриоттық тәрбие жұмысы бойынша Алибаев Айдынғали Камалиевич, кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайырбеков Жоламан Омарович, педагог-логопед Сарбалина Рауза Тулегеновна, әлеуметтік педагог Саркытбаева Гульхан Жолымбетовна, тәлімгер Сураева Ирина Петровна, психолог Тулькибекова Ғалия Жумажановна, мектептің есепшісі Жусупова Гулсин Ракишевна, медбике Бекенова Айшолпан Накиповна, шаруашылық жұмыстары бойынша Нугуманов Канат сынды тәжірибелі ұстаздарды атап өткім келеді.

Мектебіміздің ата-аналарымен отырыстар мен тренингтер, тәрбие сағаттары жүргізіліп тығыз байланыста жұмыс атқарылады. 2015-2016 оқу жылында «Қорғалжын мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша аттестатталды.

Білім ордасының түлектері де еліміздің түкпір-түкпірінде өз халқына адал еңбек етіп жүрген азаматтар. Олардың арасында білікті де беделді басшылар,

ғалымдар, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері көптеп табылады. Жеке тоқталсам Әділхан Шабатов, Ермек Өтетілеуов, Өтеген Әбілқасымов, Сұңқарбеков Балташ, Сүлейменов Балтабай, Қалқаманов Балтабай, Боранбаев Сайлау, Қожахметов Сұлтанбек, Рүстембеков Серік, Нұркенов Жаңбыршы сынды түлектеріміз қара шаңырақ білім ордасы біздің мектебіміздің ғана емес, дүйім Қорғалжын өңірінің мақтанышы десек, артық айтқан емес.

Мектеп ұжымы шыңға биік жетелеген шабытымен, ерен еңбектерінің нәтижесінде үлкен белестерді бағындырып келеді. Еңселі еліміздің ертеңі мен болашағы бақытты да баянды болғай, қашан да ел үмітін ақтайтын «Білім» атты кемеде бірге жүзіп келе жатқан Қорғалжын мектеп-гимназиясының барлық ұжымына және оқушыларына теңіздей таусылмас ұлы жеңістер мен жемістер тілейміз!

Баян ЖУСУПОВА,

Қорғалжын мектеп-гимназиясының
ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша
директордың орынбасары;
Айгуль УТКЕЛЬБАЕВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.