Home » Жаңалықтар » Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылымдары Қорғалжын ауданына келді

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылымдары Қорғалжын ауданына келді

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми тобының Қорғалжын ауданы жұртшылығы мен «Достық» (Дружба) орта мектебі ұжымы алдында Елбасының саяси реформа туралы Үндеуі мен жаңа Жолдауын түсіндіру мен талқылау шарасы өткізілді.

Іс шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Түстікбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Нүркенова, білім бөлімінің басшысы С.Рысбаев, «Жас Отан» ЖҚ, мектеп басшылары, мұғалімдер, жоғары сынып оқушылары қатысты.

Осы шараға арнайы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы, экс-депутат Қалиев Нәубат Қалиұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Негимов Серік Нығметоллаұлы, физика-техника факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының докторы Ақылбеков Әбдіраш Тасанұлы, қазақ тілі білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жақыпов Жантас Алтайұлы қатысып, қатысушыларға Елбасы жолдауын толық түсіндіріп беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Осындай қуанышты күні Еуразия ұлттық университеті атынан «Lego» роботтық-техникалық кешені сыйға тартылды. Құны қымбат роботтық-техникалық кешенін мектеп ұжымы қуана қабылдап, ризашылықтарын білдірді.

Ел атынан алғыс айтқан білім бөлімінің басшысы С.Рысбаев қонақтарға  сый-сыяпат жасады. Шараның соңы профессорлардың сыныптардағы эксклюзив дәрісіне ұласты. «Елорданы Астанаға ауыстырғаннан соң қабыл данған алғашқы шешімдердің бірі осы оқу орнын құру туралы болды. Республикамыздың бас қаласымен бірге оның атағы мен абырой-беделі артып келеді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жоғары оқу орындарының алдыңғы шебінде келеді» деген  Қазақстан Президентінің сөзі жастарға арналды. Бүгінде университетте 17 мыңнан астам студент білім алып жатқанын, оның көбі үш тілді еркін меңгергенін мəлімдеді. Бұл факторлар білім алушылардың академиялық мобильділігіне септігін тигізуде.
Оқу орны өз деңгейін ұдайы арттырып келеді жəне қазіргі уақытта ол əлемдік рейтингте 345-орынды иеленіп отыр. Университетте жұмыс істейтін шетелдік оқытушылар, сондай-ақ, жұмыс берушілер студенттеріміздің дайындығына жоғары баға беруде. Еуразия университеті түлектерінің жұмысқа орналасу критерийі жөнінен республикада алдыңғы орындардың бірін иеленді. Беделді QS World University Rankings халықаралық рейтинг агенттігінің (Ұлыбритания) зерттеу қорытындысы бойынша, Еуразия ұлттық университеті физика пəнінен əлемнің үздік университеттерінің қатарына қосылды. Осындай ақпарат алған биылғы жас түлектеріміз профессорлармен пікір алмасып, болашақта осы оқу орнынан білім алғылары келетін ниеттерін білдірді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.