Қондыбаева Гүлсін Бекзатқызы,
«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы
«Темірқазық» тобының тәрбиешісі
Махаббат пен Шығармашылық
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар, әріптестер және бүлдіршіндер. Бүгінгі өзін-өзі тану пәнінің негізгі авторы: С.А.Назарбаева 12 ақпан туған күніне арналған «Махаббат пен Шығармашылық» атты дәстүрлі он күндік декадасының салтанатты ашылу рәсіміне қош келдіңіздер.
Тәрбиеші: ҚР әнұраны.
Тәрбиеші: Адам баласы жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек (С.А.Назарбаева).
Тәрбиеші: Бүгінгі іс-шараға орай «Темірқазық» тобының тәрбиешісі: Н.Сейтметова «Күн шуағын төккен жан» атты баяндамасын тыңдаңыздар. Слайдпен көрсету.
Тәрбиеші: Елбасы мәпелеп саялаған,
Әр баланы және тәнімен аялаған.
Біледі үлкен кіші бар еңбегі
Бала үшін күш жігерін аямаған.
Жайсаң жанды кең пейіл, асыл ана
Нәзік тұлға шуақ шашқан бар балаға
Елбасы тірек болып, қолдап жүрген
Аман саулық тілейміз – Сара анаға деп бүгінгі «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық» атты онкүндігімізді көңілді әрі жарасымды өтуі үшін бір-бірімізге көтеріңкі көңіл тілейік.
Тәрбиеші: Ендеше балабақшамыздың бүлдіршіндері: «Темірқазық» тобының С.Алпысқызына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Аяулым, Сымбат, Ғанибет, Ислам.
Тәрбиеші: Өзін-өзі тану балаға, ата-анаға, ұстазға берер көмегі зор. Бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-бірімізге деген қарым-қатынасын жақсартып, өмірдің дұрыс жолын бағыттайды. Сонымен қатар адамның рухани жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.
Тәрбиеші: «Корей» биі
Тәрбиеші: С.Алпысқызы әр қазақтың кішкентайдың тағдырына алаңдайды. Өз қамқор ол балалар өз елінің патриот азаматтары болып өсу үшін оларға үміт сыйлайды. Оның халықаралық аренада сөйлеген барлық сөзі: бала санын сақтауға және жас ұрпақты бақытты өмірді өзгертуге үндеу болып табылады.
С.Алпысқызы 1992 жылы ақпан айынан бастап «Бөбек» республикалық қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Өзін-өзі тану пәнін бағдарламасына енгізіп, жеткіншекті ізгілікке баулыған тұлға. 1910 жылы 1 қыркүйекте Өзін-өзі тану пәні ҚР-ның үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді.
С.Алпысқызы қайрымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Ш.Айтматов атындағы ІІ-дәрежелі алтын медальмен, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлығымен марапатталған.
Тәрбиеші: Ендігі кезекті: «Айжұлдыз» тобының тақпақтарына береміз.
Тәрбиеші: Қасиет, Раяна, Жұлдыз
Тәрбиеші: Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүт беріп аялайтын, баласы үшін жанын аяматын ардақты да абзал – ол ана..
«Бөбек» қоры – тұрақты түрде ата-анасы жоқ балаларға, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіледі. «Бөбек» қоры – бүгінде Қазақстан көлемінде ғана емес, шет елдерде де мойындаған. Қор Қазақстанның басты бағыты – ана мен баланы қорғау. Нәрестелер үйі мен балалар үйін қамқорлықта ұстау. Балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу. Осы 10 онкүндікке байланысты бізде де көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға «Жүректен жүрекке» атты қайрымдылық акциясы ұйымдастырылып отыр.
Тәрбиеші: Ана –деген өмірдегі ұлы есім
Бақ тілесе анадай ақ тілесін
Ана деген ардақты ат сен оны
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
-деп балабақшамыздың психологы Г.Балабаева орындауында «Әке мен ана» әнін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: С.Алыпсқызы салған дара жолдың бірі – өзін-өзі тану жобасы. С.Алпысқызы нағыз қамқоршы ана. Себебі, өмір бізге сынақ ретінде беріледі. Біз ол өмірді түсіну керекпіз, қадірлеу керекпіз, барлығымыз қамқор ана, қайырымды жан атанған С.Алпысқызына мың алғыс білдіреміз. Адам өзін-өзі сыйлай білуге, ар-ұяты таза, бойын әділетсіз, арсыз, жөнсіз, әдепсіз, іс-әрекеттің неге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін білуі тиіс. Мейірімділік махаббат жылуы, жүректен жүрекке жетіп, әлемді махаббат пен қайырымдылық шуағына бөлесін.
Тәрбиеші: Ендігі кезекте қыздарымыздың «Испан» биін тамашалаңыздар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар. Бүгінгі кеш: С.Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ізгі тілегімен қорытындылаймын.
Қымбатты балалар, мен анамын, әжемін, немере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Өз ата-анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңа, сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық жолы пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін.
Тәрбиеші: Кішкентай білдіршініміз Әуезхан Сымбаттың орындауында ән тамашалаңыздар.