Осы айдың 16 жұлдызында Алматы қаласы, Жетісу ауданы «№17 бөбекжай-балабақшасында» көптен күткен «Қонақжай бауырсақ» атты қалалық семинар болып өтті. Бұрын соңды болмаған музыкалық қойылымға қонақ болып қайттық.
Ұйымдастырушылар жиын мақсаты бүлдіршендерді ұмытылып бара жатқан ұлттық ән мен би өнерінің алтын астауынан сусындату және балабақша тәрбиешілерінің осы бағыттағы қызметтерін жаңа сапаға көтеру екендігін атап өтті. Семинар балабақша меңгерушісі Т.Б. Байгожинаның алғы сөзімен ашылып, концерттік бағдарламаға ұласты.
Меңгеруші семинар туралы өз сөзінде: « Біз бұл арқылы қазақ фольклорына деген қызығушылықты арттырып, аздаған болса да актерлық шеберлікті бірге шыңдағымыз келеді. Және жан-жақтан жиналған қонақтарды таныстырып, өзара жақындастыру негізгі нәрсе болып тұр» — деді. Семинардың сценарийын жазған әдіскер Толымбекова Лэйланы айтып өтпеу айып болар еді.
Сонымен қатар, Алдар Көсенің рөлін сомдаған Алтаева А.Ш., тәрбиеші Турысбекова Ж.М., Мамбетова.Ғ.К.,Бакирова Ж.Т., Алтаева А.Ш. музыкалық жетекші Абдраимова Д.З. басшылық еткен бүлдіршіндер ән мен биден шашу шашып семинар қонақтарының көңілін бір көтеріп тастады.
Келушілер концерттік бағдарламаның басқа ешбір тәрбие сағаттарына ұқсамай, ерекше өткендігін айта келе, бағдарламаның ұйымдастырылуына жоғары бағаларын беріп кетті. Бұдан кейін педагог-психолог Акижанова Г.С. психологиялық тренинг өткізсе, артынша тәрбиешілерге арналған мастер-класс кезек алды. Кешке қонақ ретінде қаламыздағы өзге де балабақшалардың тәрбиешілері қатысып, танымын кеңейтті.Ең бастысы, Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың жолдауына сай рухани жаңғыруға жол ашты.
Жадыра Бағашар,
«Білім айнасы»,
Алматы қаласы