Home » Жаңалықтар » Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі

Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі

Бүгін қалалық саябақта Ақмола облыстық өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша және Астана қаласындағы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне орай қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Мұнда Көкшетау және Щучинск қалалары қолөнершілерінің туындылары ұсынылды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көрмеге аталған қалалардан барлығы 57 қолөнерші қатысқан. Ақмола облыстық өлкетану мұражайының жалпыға ортақ тарихи бөлімінің аға ғылыми қызметкері Айман Сальмухамедованың айтуы бойынша, жәрмеңкеде әр түрлі жанрдағы, бағыттағы, әр түрлі стильдегі, туындылар ұсынылған. Атап айтқанда, табиғи тастардан жасалған әшекей бұйымдары, тоқылған корзиналар мен портреттер, теріден және ағаштан жасалған бұйымдар болған.

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылардың қатарында ағаштан халқымыздың дәстүрлі жиһаздарын, музыкалық аспаптарын жасайтын Шоқан Еламанов болды. Шоқан ағаның өнерін баласы Шыңғыс та жалғастырып келеді. Ұлттық нақыштағы дүниелерді дайындайды.

Сонымен қатар, Щучинск қаласынан келген Рашит Миниханов көркем фотосуретпен айналысатынын, әрі қаламызда осындай жәрмеңкелерді, кем дегенде, жылына үш рет ұйымдастырып тұру керектігін атап өтті.

Шеберлеріміздің бүгінгі жәрмеңкеге деп әкелген дүниелері сан түрлі. «Өнерлі қол – бақытқа жол» демекші, ары қарай да еңбектеріне жеміс тілейміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РСК Акмолинской области

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.