Home » Ашық сабақтар » Қолөнер сыры

Қолөнер сыры

Мақсаты: Қолөнердің  бір түрі ою-өрнек туралы мағлұмат беру, шығу тарихын, мағынасын, қолданылуы туралы әңгімелесу; шеберлікке, әдемілікке, өнерге, ою-өрнектерімізді құрметтеуге баулу; эстетикалық талғамын ұштау.

Түрі: Сайыс

Жүру барысы

1-жүргізуші: — Қайырлы күн, қонақтар мен ұстаздар, оқушылар! Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз.

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс, береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді.

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке!

Көктем мерекесі барлығыңызға мереке!

Көктем мерекесі барлығыңызға да құтты болсын деп ортаға _________________________ әнімен шақырамыз.

«Ақ найзасы болмаса, ерді қайдан танисың,

Ең таңбасы болмаса, малды қайдан танисың» — деп аталарымыз айтқандай, ою-өрнек қазақ халқының негізгі таңбасы.

Қазақтың ұлттық өнердегі эстетикалық талғамын өз мәнінде  түсіндірудің маңызы зор. Қолөнерде өрнек ерекше орын алады. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді, мағынасы  сәндеу, әсемдеу. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын: сырмақ, сандық, кебеже, киім-кешектерді, қабырғаларды безендіруге қолданылады.

2-жүргізуші: — Жоғарыда айтылып кеткен тұрмыс бұйымдары адамның өміріне де көрік берді. Шебер оларды жасай отырып, өзінің арманын, мүддесін, әсемдікке деген түсінігін  білдіруге талпынды. Қазақта 200-ден  аса ою түрі бар. Бірінде ою-өрнектерді  композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғылымдар ою-өрнекті 4 топқа бөлді: 1. Жануар тектес; 2.Өсімдік тектес; 3. Геометриялық  4. Ғарыштық

1-жүргізуші: — Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Қазақ оюлары  мазмұны жағынан іріктесек, 3 түрлі ұғымды бейнелейді: 1. Мал өсіру мен аңшылық; 2. Жер-су; көшіп қону; 3. Күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың бейнесі бейнеледі. Ою туралы оқушылардың білімдерін ортаға салайық.

«Қошқар мүйіз» қошқардың шекесіне, иіріліп кеткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т.б. киіз бұйымдарында кездеседі. Қошқар мүйіз ою туралы халқымыздың сүйікті ақын қызы Ф.Оңғарсынова былай деп жазыпты:

Түрін-ай, текеметтің асыл қандай!

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай

«Келе ғой, қошақаным, өзіме!» деп

Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.

Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,

тұрғандай ана көңіл тербеп мені.

Жан бітіп, жайрандады жан-жағымнан

қазақтың қошқар мүйіз өрнектері…

2-оқушы:
Құсмұрын деген ою бұл көрікті,

осы оюды оймыштап кім көріпті

 

3-оқушы:
Бұл өрнек деп аталған-жарма мүйіз,

оюсыз ажарланған барма ма киіз?

4-оқушы:
Санап көрші, бұл ою-алты сала,

батыл болсаң, сыза ғой қағаз ала.

5-оқушы:
Сегіз сала деп бұл ою аталған,

он саусақтың өнерімен жасалған.

  6-оқушы:
Бұл оюдың атауы үш бас деген,

қаршы, бір-біріне ұқсас келген.

     7-оқушы:
Кел, балалар, қолға қалам алайық,

Үш түй деген оюды да салайық.

     8-оқушы:
Жүрек деген бұл оюды құрайық,

Құрайықта та қайта-қайта қарайық.

    9-оқушы:
Кең тараған оюдың бірі-бармақ,

Ал осыны айнытпай кімдер салмақ.

10-оқушы:
Гүл өсімдікиі тұспалдайды,

Қыз бала киімінде жарқылдайды.

2-жүргізуші:

Мың бұралған билерден, 

 

көресің ою түрлерін.

Биші қыздар майысып,

келтірер ою келбетін – деп, сіздерге қазақ биін ұсынамыз.

1-жүргізуші: — Халқымыз шебер оюшы болуы, оюдың астарына  үлкен ой жасыруы арман мен мақсатқа  жету ниетімен туындаған. Халқымыз жазу, сызу болмаған заманда өнермен армандай білген халық және сол арманы орындалып, ұрпағы қазіргідей кең заманда  өмір сүруде. Арман, мақсатымы анық, биік болсын!

     2-жүргізуші: — “Әшекей, кесте – тон сән”  деген мақал-мәтелдермен өнерді  дәріптеп, ұл-қызын еңбекке  тәрбиелеген. Әр мақалдың астарына үлкен философиялық ой жасырған, ой-санасы соған жетіп, соған ұмтылсын деген мақсат тұтқан. Алдымызда отырған 2 топқа мақал-мәтелдер сайысын өткізейік. Біз мақалдың басын айтамыз, сіздер жалғастырасыздар.

І топ                                                                                               II топ

1.Ою оймаған … (ойсыз)                                                                      Ою ойғанның ойы … (ұшқыр)

2.Өнер …(өрне жетелейді)                                                         Қолөнері … (мол өнері)

3.Жеті рет өлшеп… (бір рет кес)                                               Өнерлінің оң саусағы тең….

4.Үйренгенің өзіне құт …                                                          (өнерсіздің бір саусағы кем)

(Істегенің еліне құт)                                                                  Шын шеберде … (мін болмас)

5.Еңбегіне қарай-құрмет…                                                        Еңбек өмірді ұзартады….

(Жасына қарай ізет)                                                                   (Ұят бетті қызартады)

6.Өрнегі көптің … (ермегі көп)                                     Шебер көп жерде…. (өнер көп)

І топ                                                                                             ІІ топ

Жеті рет өлшеп бір рет кес.                                           Шебер көп жерде өнер көп.

(мағынасын ашу)                                                                       (мағынасын ашу)

-Өздерің қандай мақал-мәтілдерді білесіңдер?

1-жүргізуші:

«Ою-өрнек сәндігі

Көздің жауын алады

Болмаса зат өрнексіз

Онда мәнсіз қалады», — деп 2 топқа ою ойғызайық.

Оқушылар ойған оюларын киіндіргенше.   Өзбек биін тамашалайық.

Оқушыларды ортаға шақырып, оюмен әшекейлегендерін көрейік.

1-жүргізуші

Ою ойғанның ойы ұшқыр дегендей,

2 топқа жұмбақ шештірейік.

1 топ.                                                                                           2 топ

1.Таптым,таптым тап жорға                                         Қазақ оюының кең тараған үлгісі

Табаны жалпақ боз жорға                                             Сынақ мүйіз

Түйетабан                                                                           Арқалаған тауы бар

2.Қыз есімімен аталатын өрнек                                  Аққу оюы нені бейнелейді?

Ботакөз                                                                                Махабатты, адалдықты

3. Магиялық ою қалай аталады?

Тұмарша

Ал енді өздеріңіз қандай жұмбақ білесіздер?

2-жүргізуші

Ал енді байқап  отырған шығарсыздар, алдымыздағы 2 топ та сабаққа өте жақты қатысты, білетін білімдерін алға салды. 2 топта жеңімпаз дегім келеді.

1-жүргізуші

Қорыта айтқанда ою-өрнек дегеніміз — дәлдік, есеп, теңдік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық.

2-жүргізуші

Ою-өрнек дегеніміз-жылылық, сулулық, оюлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді.

1-жүргізуші

Құрметті қонақтар, қию оңай демеңдер,

Оғанда өнер, ой керек

Бос мақтанып жүрмеңдер

Қиюға пысық жан керек — деп көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет айтамыз. Сау-саламат болыңыздар!

Жонисова Айжан Салимгереевна

№24 лингвистикалық мектеп- гимназия

Ақтөбе қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.