Инклюзивті білім беруді дамыту концепциясын іске асыру шеңберінде 23-24 наурызда Новосібір облысы Куйбышев қаласында есту қабілеті бұзылған балаларға арналған бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту қызметін іске асыратын білім беру мекемелерінің 8-12 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен сөйлеуді дамыту бойынша халықаралық қатысумен аймақаралық олимпиада өтті. Олимпиаданы ұйымдастырушы — Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің әлеуметтік технология және оңалту институты (НМТУ ӘТОИ). Олимпиадаға Ресей Федерациясы мектептерінен 150 және Қазақстаннан 6 оқушы Павлодар қаласының есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы білім беретін мектеп-интернат тәрбиеленушілері қатысты.
Мектеп-интернат оқушылары кезекті рет орыс тілі мен сөйлеуді дамыту бойынша олимпиадада білімдерін көрсетті.
10 сынып оқушысы Леонид Руденко ІІ-орынды иеленіп, 9 сынып оқушылары К. Герелевская, А. Доспанбетова, К.Шарова және В. Шетько «Ғылым мен шығармашылыққа қадам» тақырыбында жобаларын қорғап, олимпиадаға қатысқандары үшін сертификат алды, мұғалімдері Е.И. Лягоцкая және А.Г. Усачева.
«Біз барлығын істей аламыз» қолданбалы өнер бойынша шығармашылық байқауында 7-сынып оқушысы Данил Краснощёковтың жобасы ІІ-орынға ие болды, 6-сынып оқушылары А.Тайлақова және Л.Сметананың жұмыстары естелік сыйлақтармен бағаланды (Жетекшілері — Е.В. Краснощёкова және А.Т.Каржасбаева).
Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімінен кейін жас павлодарлықтар мерекелік концертке белсенді қатысты және И.И. Погирскаяның жетекшілігімен ымдап ән айту, хореография мен клоунада бойынша өнер көрсетті.
Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттар және құнды сыйлықтармен марапатталды. НМТУ ӘТОИ директоры Л.А.Осьмук көп жылдық ынтымақтастық үшін есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 ЖОМИ педагогикалық ұжымына Алғыс хат табыстады.