Қожағұлова Назгул Жаңбыршықызы,
Ақмола облысы,
Қорғалжын ауданы,
Арықты орта мектебі,
Бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру, сөздік қорын молайту.
Оқушылардың нақты әдебиеттік оқу пәніне қызығушылығын арттыру.
Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел.
Түрі: Топтық сайыс
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн қадірменді қонақтар, ата-аналар, Әріптестер. «Ғажайып бестік» сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Бөлімдермен таныстырып өтейін:
- Ширату (таныстыру, ұран)
- Ойға шабуыл (сұрақ-жауап)
- Ойлан,тап (өлеңнен үзінді)
- Кім жылдам? (сөз құрақ)
- Бұл кім? (ақын-жазушыларды атау)
- Жалғасын тап (мақалды жалғастыр)
- Шығармашылық жұмыс (көрініс)
Әр пәннің сырлары,
Қызықтырды біздерді .
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді- дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ- қазылар алқасын ортаға шақырмыз:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік.
Жеткізер сіздей өренді
Әр пәннің сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт — сапар енді тілейін! 1-кезеңде 5 ұпайға дейін бағаланады.
1.Ширату 1 топ «Алғырлар» амандасу рәсімі.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
2топ. «Тапқырлар»
Ұраны: Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Сәлемдесу: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым
Дұрыс жауапқа 1 ұпай
- Ойға шабуыл 1 топ «Алғырлар»:
1) Кез-келген санды 1-ге көбейтсе қандай сан шығады? (сол санның өзі шығыды)
2) Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, үлестірімділік, терімділік)
3) 300 бен 10-ның бөліндісі нешеге тең?(30)
4) Кім?не? деген сұраққа жауап беретін сөз табын ата?(зат есім)
5) Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны қалай атайды?(жұрнақ)
6) Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата?(ма, ме, ба, бе, па, пе)
7) ҚР астанасын ата?(Астана)
8) Ас қорыту мүшесін ата?(асқазан)
9) Мақалды жалғастыр: Батыр туса –ел ырысы
……………………………………(жаңбыр жауса жер ырысы)
10) «Өнер,білім бар жұрттар»өлеңінен үзінді оқы.
2 топ: Тапқырлар:1)Кез-келген санды 0-ге көбейтсее қандай сан шығады? (0)
2)Көбейтудің компоненттерін ата?(көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні)
3)696 мен 3-тің бөліндісі нешеге тең?(232)
4)Қандай? Қай? деген сұраққа жауап беретін сөз табын ата? (Сын есім)
5)Мәтін түрлерін ата?(әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
6) «оқы» деген болымды етістікті,болымсыз етістік жаса. (оқыма)
7)ҚР Президентін ата?(Н.Ә. Назарбаев)
8)Адамның есту мүшесін ата?(құлақ)
9)Табиғат құбылыстарын ата (жауын, қар, қырау, жел)
10) Үш биді ата? (Қазбекби, Төле би, Әйтеке би)
Толық жауапқа 5 ұпайға дейін бағаланады.
3.Ойлан, тап 1 топ «Алғырлар»
Жаңбыр жауып өткенде,
Көрсең, шіркін, жерімді.
Қызыл, жасыл, көкпеңбек
Кемпірқосақ өрілді.
(Ескен Елубаев «Кемпірқосақ» )
Сәуір-бұл айдың арабша аты. Мамыр, маусым… Абай қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды. Бірақ сәуір турасындағы жаңағы сөзді алғаш есіткені осы еді.
( Мұхтар Әуезов «Отамалы» Абай жолы романынан )
2 топ: «Тапқырлар»
Мөлдір, тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан,
Ұшқан құспен таласқан
Ұшқыш болғым келеді!
(Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді!»)
-Ойларынан шықпайтындай мен сонша ақымақпын ба? Әйтпесе, менде бар кемшілік сенде де бар. Сен таситын шөпті мен де тасимын. Сен ерттеп мінетін адамдар мені де ерттеп мінеді. Қысқасы, сен атқаратын қызметті мен де атқарамын. Сонда да мені жақтырмайды.
(Серік Шомақов « Есектің мұңы»)
Қанша сөз жазса, сонша ұпай беріледі.
- Кім жылдам? «Қанағаттанарлық» деген сөзден бірнеше сөз жазу керек. Қай команда көп жазса, сол команда көп ұпай алады.
Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
- Бұл кім?
Ақын-жазушылардың кім екенін табады .
«Алғырлар»
Жуалы ауданы Көлбастау ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына офицер ретінде қатысқан. Кеңес Одағының батыры. Батырдың ерлікке толы қызықты кітаптарын үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды. Жазушының «Москва үшін шайқас», «Ұшқан ұя» романдары, тағы басқа шығармалары бар.
Бұл кім туралы айтылған? (Бауыржан Момышұлы 1910-1982)
«Тапқырлар»
Белгілі жазушы. Алматы облысы Нарынқол ауданының Қостөбе ауылында дүниеге келген. Оның «Тұңғыш бұлақ», «Балалық шаққа саяхат», «Чемпион», тағы басқа көптеген кітабы бар.Бұл кім туралы айтылған? (Бердібек Соқпақбаев 1924-1992)
Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
- Жалғасын тап
1-топ «Алғырлар»
Отан от ……………………….. (басынан басталады)
Жері байдың……………….(елі бай)
Не ексең ………………………..(соны орасың)
Досы көпті жау алмайды …………(ақылы көпті дау алмайды)
Мектеп кеме ……… (білім теңіз)
2-топ «Тапқырлар»
Отан оттан ……… (да ыстық)
Жүз теңгең болғанша……. (жүз досың болсын)
Еңбек етсең …… (ерінбей тояды қарнын тілеңбей)
Әке –асқар тау, ана мөлдір бұлақ, …….. (бала жағасындағы құрақ)
Оқу инемен……… (құдық қазғандай)
5 ұпайға дейін бағаланады.
- Шығармашылық жұмыс. Үй тапсырмасы көрініс көрсету
Қорытынды. Сөз кезегін әділқазылар алқасына беріледі. Қорытынды баға айтылады, жеңімпаз команданы жариялайды.