Home » Ашық сабақтар » Қобызда ойнаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру

Қобызда ойнаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру

 Ж.С. Күмісбекова
Астана қаласы
№ 2 өнер мектебі

 

 

 

 

 

Сабақтың мақсаты: Аспапты меңгерудің  алғашқы кезеңдерінде оқушының қызығушылығын ояту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

Ысқыш бөліктерін, аспапта ойнауды, ысқышты дұрыс жүргізуді, сол қол саусақтарын қоюды  меңгерту;

Дамытушылық:

Оқушылардың шығармашылық және музыкалық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұлттық аспапты қастерлеуге, аспапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың формасы: консультация — сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: карточкамен жұмыс, әдістемелік хабарлама, шығармашылық жаттығулар, кеңес беру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекіліктері:  слайд, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, аспаптардың  құлақ бұрауын тексеру.

Сабақ алдындағы психологиялық дайындық.

.Сабақтың нәтижелі өтуі үшін келесі қағидаларды есте сақтау керек:
1. Айтылған ақпаратты ұқыпты тыңдау, терең ұғыну және ойлану;
2. Cабақтағы өз жұмысына талдау жасау;
3. Қорытынды шығару және өзіңді бағалау;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Өзара  тексеріс» ойыны. Жоғарғы сынып оқушылары 1- сынып оқушыларынан аспап құрылысы және нота ұзақтықтары туралы сұрақ қою арқылы білімдерін тексереді  (карточкалармен жұмыс).

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқушылар, бүгінгі сабағымыз тақырыбы: «Қобызда ойнаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру». Бүгінгі сабағымыз топтық сабақ ретінде өтеді және сабаққа кеңесші ретінде жоғарғы сынып оқушылары қатысады. Әдістемелік хабарлама  жасайтын  3- сынып оқушысы Мархабат Диляра.                                                                                                                   

  Оң қолдың қойылымы. Оң қол бос, бірақ белсенді  болуы керек. Сұқ саусақ таяқшаның сыртқы жағынан сүйемелдей ұстайды. Ортаңғы және аты жоқ саусақ өз еріктерінше бос жатуы керек. Негізгі төрт саусақтың орта буындары шамамен бір деңгейде болуы тиіс. Барлық саусақтар кейпі сәл дөңгеленген бейнеде болуы керек. Бас бармақ та дөңгеленіп шеңбер сипатта таяқша (ысқыш) тұтқасында шамамен ортаңғы саусаққа қарсы, бірақ түйіспей орналасады. Оң қолды дұрыс қоюды жеңілдету үшін саусақтардың орналасуын әуелі қарандашқа қойып көрсеткен жөн. Қарындашты өз салмағында күш-жігер жұмсап, әуреленіп жатпай-ақ түрлі жағдайда ұстап көруге жаттығуға болады. Ал саусақтардың дұрыс қойылуы дағдыға айналған кезде шәкірттің саусақтарына қарындашты ұстатып, қолдың қарындашта дұрыс тұрғанын тексеріп көрген жөн. Ысқышты төмен жүргізгенде оң қолдың буыны сәл иіледі, ал жоғары жүргізгенде оң қол буыны қайта қалпына келеді. Ысқыш жүргізгенде оң қолдың  талмауына көңіл бөлінеді. 1- сынып оқушылары аспап қойылымын қайталайды. Оң қол қойылымына көңіл бөле отырып, ашық ішектерге ысқыш жүргізу арқылы асапатан дыбыс шығарады. Жоғарғы сынып оқушылары кателіктерімен жұмыс жасайды.  Ашық ішекте алғашқы жаттығуларды ойната отырып, ысқыш бөліктеріне тоқталамыз. Ысқыш төменгі, жоғарғы жартысы, ортасы, ұшы және түбі болып бөлінеді. Ысқыштың әрбір бөлігінде ойнап үйренгеннен кейін,  сол қолдың қойылымы қойылады.

Әдістемелік хабарламаны Бақыт Назерке жалғастырады. Сол қолды шынтақтан ішек деңгейіне дейін иіп көтеру қажет. Барлық саусақтар дөңес кейіпте болып тұрды. Бас бармақ, сұқ саусаққа қарсы орналасады. Басқа саусақтар ішектің үстіне дөңес кейіпте қалады. Алақан қобыз мойнына жабыспай орналасады. Оқушы қобыздың төмен сырғып кетпеуі үшін, оны екі тізесімен қысып ұстайды. Қобызды өз бетімен жақсы ұстауды меңгерген соң, ішек басуды және дыбыс шығаруды үйренуге кіріседі. Алдымен саусақтарды ішекке дұрыс қою үйретіледі. Мұнан кейін әр саусақты түсіріп – көтеріп жаттығады.  1 сынып оқушылары сол қол саусақтарын ішекке қойып жаттығады және ішек бойындағы ноталарды меңгереді. Саусақтар 1,2,3,4 болып белгіленеді.
Қобыздағы сол қол қойылымы туралы Жалпы ереже: (Хуан Ажар)
1. Қобызда ойнаған кезде саусақтар ішек аралығына қойылуы қажет, ішекке тырнақтарды тік тигізіп ұстау керек;
2. Бір ішекте ойнағанда барлық саусақтар ішекке бәрі бірге емес, біртіндеп кезекпен дөңестене орналасады;
3. Қолдың анағұрлым еркін қозғалысын сақтау үшін, бас бармақ мойынға жеңіл ғана тиіп тұруы тиіс. Саусақтардың  төрт ішек бойында ауысуы ыңғайлы болуы үшін бас бармақ қобыз мойнына емін-еркін орналасады да, қобыз мойнын қыспай, шамамен орта «ре» және «ля» ішегіне қарама-қарсы орналасады;
4. Саусақтардың аталған міндеттерді орындауын жеңілдету үшін, қолды асылған қалыпта ұстау қажет. Қолдың жоғары не жоғарлау ұсталуы біржағынан ойналатын ішекке де, позиция – ұстаным тұғырына байланысты. Ішекке саусақтардың еркін жүруі үшін қолды алғашқы позицияда біршама «орта» биіктікте ұстаған жөн. Сол қолдың дұрыс жолға қоюдың қарапайым тәсілдері осы.

Осы айтылған мағлұматты бекіту ретінде 1- сынып оқушылары аспапта ысқыш бөліктеріне жаттығулар жасайды. Және «ре»  мен  «ля»  ішек бойындағы ноталарды қойып жаттығады. Жаттығу барысында кеткен қателіктер болса жоғарғы сынып оқушылары мұқият қадағалай отырып, қатемен жұмыс жасайды.

ІV. Рефлексия. Әдістемелік хабарлама бойынща сұрақтар қойылады.

1. Оң қол ысқышқа қалай орналасады?

Жауап: оқушы ысқышты ұстап аспапқа қойып көрсетеді.

  1. Сол қолды аспапқа қалай қояды? Саусақтардың белгіленуі туралы айтыңыз.
  2. Жауап: оқушы сол қолды  аспапқа қою арқылы көрсетеді.
  3. «Ре» және «ля»  ішектері бойындағы ноталарды ата.
  4.     Жауап:  Ре ішегінде – ми, фа диез, соль, ля.
  5.  Ля ішегінде – си, до диез, ре, ми.
  6. Қорытынды: оқушылар жұмысын бағалау және үй тапсырмасын беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.