Home » Мақалалар » Қиын жағдайға тап болған балалармен мектептегі әлеуметтік-психологиялық қызметінің жұмыс жүйесі

Қиын жағдайға тап болған балалармен мектептегі әлеуметтік-психологиялық қызметінің жұмыс жүйесі

Қазіргі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Олардың әлеуметтік ортаға бейімделуі, қоғамда өз орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауын бүгінде әлеуметтік-психологиялық тәрбие беретін мамандар ұйымдастыруы қажет.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.

Рухани азған ортаның алысқа бармайтыны адамнан адамдық кеткенде қоғамнан құндылық жойылып, табиғат тепе-теңдіктен айырылатыны шындық. Бүгінгідей материалдық байлық бірінші орынға шығып көк қағазбен өлшенетін қоғамда руханиятты дамытудың, рухани байлық көздерін көбейтудің маңызы ерекше екені ақиқат. Себебі қоғамның ең басты байлығы-адам баласы.

Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Баланың құқықтары мен еркіндігі бұлтартпай орындалуы және кез келген өркениетті Елде қорғалуы тиіс, сондықтан Қазақстанда аталмыш мәселелер мемлекеттің жіті қадағалауында. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында аналықты және балалықты қорғау мемлекеттің жаңа сатыдағы әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде белгіленген.

Осы саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру шеңберінде кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен еркіндігінің қорғалу деңгейін арттыруға, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен еркіндігіне қол сұғуға қатысты барлығына дерлік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы — еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл — адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн.

Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға — тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық — зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады.

Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында, алдағы елу жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта, қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді.
Балалаларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата — ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра.

Нәтижесінде баланың өмір сүру ортасы дұрыс және оң жағына шешіледі. Әлеуметтік педагог пен психологтың уақытты тиімді пайдаланады. Баланың отбасы алдындағы құқығы қорғалып, зорлық-зомбылықты болдырмаудың алдын алады. Қазақстанның жаһандануы, қоғамның ауқымды әлеуметтік-экономикалык өзгеруі жағдайындағы болашағы балаларды тәрбиелеу, оқыту, олардың дене бітімі мен рухани дамуы, оларды өмірге дайындау деңгейімен айқындалады. Өмірде қиын жағдайға тап болған зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандарды — әлеуметтік бейімделмеу, бұл жасөспірімдердің арасында ұлғайып отырған қадағалаусыздық, панасыздық, кылмыс сонымен қатар оларды бала еңбегінің ең нашар түріне тарту қоршаған орта үшін де кауіпті. Бейімделмеген балалар санының көп болуы елдің болашағы үшін қауіп.

Мектепте әлеуметтік-психологиялық қызметті білімді, біліктілікті, шебер, еңбектегі табандылығы мен адамгершілігі мол мамандардың қоғамдағы жетістіктердің негізгі күші болып табылады. Өскелең ұрпақтың болашаққа  зор үмітпен қарайтыны сөзсіз. Сол үмітті жарқын ету әр әлеуметтік педагог пен психологтың міндеті.

Балалар, жасөспірімдер, олардың тәрбиешілері өмірінің қиын кезеңінде мектеп психологі мен әлеуметтік  педагогтан көмек сұрайды. Өмірден түңілген, үмітін жоғалтқан, қиындықты  басынан кешірген және проблеманы өздігінен шеше алмаған олар түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті күтеді. Оларға сөзбен және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын қайта қарауына және кемелденуіне ықпал ету-мамандардың басты міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің жанын түсіну және аялау – мектеп психологі мен әлеуметтік педагогтың  негізгі миссиясы.

 

Жаркинова Зубида Азаматовна
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
«Шал ақын ауданының қазақ орта мектебі» КММ
Педагог — психолог

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.