Home » Мақалалар » ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС

ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС

Тәрбие отбасынан басталады

      В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.

А.С. Макаренко: «Тәрбие – баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде», — деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.

Ғалым-педагог И. Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі: ұрпақжалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.

Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша біріктіріп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімлі, психологиялық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.

Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар:

Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата-ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдайлар себепті болады.

Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендеуі.

Қиын балалардың пайда болуына бірден-бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: біріншіден, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу.

Екіншіден, тәрбиенің көзі – баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтажын қамтамасыз етуі деп санаушылық.

Жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып кетуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей, тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата-аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған.

Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары:

1) Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.

2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерді құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру. ізгілік сабақтары

3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап-тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру. Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай, олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық, т.б.іс-әрекетті үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «менін» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.

4) Кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Ата-ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің, жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет.

Ескеретін мәселелердің бірі – қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдіс-тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:

—   бірінші кезең дайындық кезеңі – қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;

—   екінші кезең – қиын оқушылар мен көш жора-жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.

— үшінші кезең – өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер туа бастайды. Жеткіншектердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет-дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.

Соңғы кезең — бекіту кезеңі, әрбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерістер болған сайын, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады.

Қазақ халқы – ғажап тәлімгер.

Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту – оқушыға қажет.

Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің ана тілінде дұрыс сөйлеуіне де зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін, ертегілер айтып беретін ата-аналарының «Бала – біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.

«Елдің көркі – тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан болса, олар өз ана тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.

Жанна Букенбаевна Ислямгалиева

ЖОББ Амангелді мектеп-балабақшасы

әлеуметтік педагог,

БҚО, Тасқала ауданы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.