Home » Ашық сабақтар » Қаңтарбаева Жанар Болысбекқызы

Қаңтарбаева Жанар Болысбекқызы

Өткенді қайталау

Мақсаты:Үш таңбалы санға көбейту мен бөлуге тапсырмалар орындау
арқылы білімдерін бекіту,кеңейте түсу.
2.Есте сақтау, ойлау, математикалық тілде дұрыс сөйлей білу
қаділеттерін дамыту.
3. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға,өз елінің
патриоты болуға баулу .
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Көрнекіліктері:Интерактивті тақта,слайдтар,сабаққа қажетті кеспелер.
Барасы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Ортада тұрып хормен айтамыз.
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
-Орындарыңа отырмас бұрын мына тұрған суреттерден қалағандарыңды алыңдар.Сол суреттер бойынша топтарға бөлінеміз.
1-топ. Шаңғышылар
2-топ.Конькишілер.
3-топ.Хоккейшілер.
4-топ.Фристайлшылар.
-Қзаір барлық мемлекеттер үшін өте маңызды үлкен бір іс-шара болып жатыр.Ол- Қысқы Олимпиада . т.с.с.
Слайдпен жұмыс жүргізіледі.
-Бүгінгі сабағымыздың ұстанымын қайталап алайық.
С-салмақты
П-парасатты
О-озат
Р-рухты
Т-төзімді
Ш-шыныққан
Ы-ынтымақшыл болайық.
-Бойымызды қыздыру үшін «Ой жаттығуларын» жасап алайық.
1.Ең үлкен үш таңбалы санды ата
2.2кг= г
3.1-көбейткіш 70,2-көбейткіш 14,көбейтіндінің мәнін ата

Жаңа сабақ.
1-тапсырма
«Кім жылдам?»ойыны.
Төрт топқа тапсырма тақтада жазылған.Қай топ бірінші және қатесіз орындаса сол топ жеңімпаз болады.
Оқулықпен жұмыс.
3-тапсырма Кесте бойынша өрнектер құрастырып, мәнін табамыз.
Топ басшылары шығарады.
1254*31+25250 12428:26+25108 855:285+11*265 25899+(90052-680)
273*158-9711:83 452*42-7705:67 (12654+355)-2458:2 100000-2306*3
Сергіту сәті:
753849- санды оқы,2-разрядты ата,сонша рет шаңғы тебеміз
6413- 4-разрядты ата ,неше бірлік бар,сонша рет коньки тебеміз
5613 — 5-разрядты ата, сонша рет отырып тұрамыз
4-тапсырма Өзіндік жұмыс .Әр топ бір теңдеуден шешіп топ, басшысына тексертеді.
(3850+1892):х=638 (6000-1744):х=8
786*х=83201+22909 5088:х=256626:807
5-тапсырма «Хоккей» ойыны
Барлығымыз екі командаға бөлінеміз.
1-команданың тапсырмасы:
72т52кг-4т48кг=72052-4048 кг=68004кг=68т4кг
92км4м-7км25м=84км79м

2-команданың тапсырмасы:
3сағ-124мин=180мин-124мин=56мин
20га-5000м2=200000м2-5000м2=195000м2=19га5000м2
10м-3м15см=1000м-315см=685см=6м85см
165күн+2жыл32күн=2жыл197күн
6сағ9мин+3сағ56мин=10сағ5мин
Қарсыластары тексеріп дұрыс болса қақпаларына неше доп кіргенін айтады.
6-тапсырма « Мәдени жаналық»
«Көк тудын желбірегені» әнін тыңдаймыз.Бір шумағы мен қайырмасы біткенше тапсырманы орындап шығыңдар.
1-топ
P=4м=400см
а=96см
в=18cм артық
с=в-дан 2есе кем
д=?
96см+18см=114(см)-в қабырғасы
114см:2=57(см)-с қабырғасы
96см+114см+57см=267см-үш қабырғасы
400см-267см=133см-төртінші қабырғасы

2-топ
АВ=6см Е,Днүктелерін белгіле
Неше кесінді шықты?-АЕ;АД;АВ;ЕД;ЕВ;ДВ.
Ұзындықтарын өлшеп жаз.
3-топ
АВ кесіндісін сыз,оның бойынан С,Днүктелерін белгіле.Олардың атын жаз ,ұзындықтарын өлше.
4-топ
а=72мм, в=?17мм қысқа тіктөртбұрыш сыз
ауданы мен периметрін тап.
72мм-17мм=55мм-ені
S=72мм*55мм=3690мм2
P=(72мм+55мм)*2=254мм

7-тапсырма
Топ басшылары орындайды.
1-топ
24м*12м=288м2-спорт залдың ауданы.
150г*288м2=43200г бояу=43кг 200г-спорт залдың еденін сырлауға керек сыр.
2-топ
12км:2=600м-дәл ортасы
600м:60м/мин=10мин-1-адам
600м:50м/мин=12мин-2-адам жүрді.
12мин-10мин=2мин-2-адам артық жүрді.
3-топ
20:2=10бөлшек-шәкірті
20+10=30 бөлшек-екеуі бір сағатта
30*3=90бөлшек-екеуі 3сағатта
4-топ
320кг:16=20кг-бір автокөлік бір тәулікте шығаратын улы газ
53*20=1060кг-53автокөлік бір тәулікте шығаратын улы газ
Қорыту: Сонымен алдыларыңдағы медальдарыңды санап қай топтың жеңгенін анықтайық.
Үйге: 11-тапсырма 67-бет
Кері байланыс:
Алдыларыңдағы градусникке 10-20С –өте жақсы
20-30С-әліде білгім келеді
30-35С-мен үшін қиын болды
Белгілеп маған өткізіңдер.

Қаңтарбаева Жанар Болысбекқызы,
№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы
мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.