Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаны қорғауға және қатерлі нәрселерден аулақ болуға үйрету.
Жүргізуші: Балалар, жан-жақтарына қарандаршы, қандай әдемі. Терезеге қарандаршы, күн алтын сәулесін шашып тұр. Ендеше қоршаған ортамен амандасып жіберейік.
— Армысыз, қайырлы күн!
— Армысыз, қайырымды Аспан ата!
— Армысыз, Мейірімді Жер ана!
— Армысыз, шұғылалы Алтын күн!
— Қуанайық, шаттанайық бәріміз.
Күліп шықты күн бүгін,
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату болайық!
Бәріміз дос болайық.
Жүргізуші: Балалар, тыңдаңыздаршы, біреу жылап жатқан сияқты. Мына жерде мысықтар жылап отыр ғой. Неге жылап отырсыңдар, мысықтар?
(Мысықтардың үйі қалай өртенгенін айтып беру)
Қ/О «Қайда телефон шаламыз?»
Тәрбиеші: Балалар, мысықтың бұл қылықтары дұрыс па, қалай ойлайсыздар?
Балалар: Дұрыс емес, үйде жалғыз қалғанда шырпымен ойнауға болмайды.
Тәрбиеші: Өртті немен сөндіруге болады?
Балалар: Сумен сөндіруге болады.
Балалар: Өрт сөндірушілер.
Тәрбиеші: Оларға өрттің болып жатқанын қалай айтамыз?
Балалар: 101 қоңырау шалып, қай жерде өрт болып жатқанын айтамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, қарандаршы, мына марғаулардың біреуінің қолы жарақаттанып қалыпты. Мұндай жағдайда кімге қоңырау шаламыз?
Балалар: 103-ке қоңырау шалып, жедел жәрдемді шақырамыз.
Тәрбиеші: Жарайсындар! Балалар, мына мысық өзінің бір марғауын жоғалтып алыпты, енді не істейміз, қайда қоңырау шаламыз?
Балалар: 102-ге қоңырау шаламыз.
Тәрбиеші: Бұл кішкентай марғау алысқа ұзай қоймаған шығар. Мысыққа марғауын табуға көмектесеміз ба?
Балалар: Әрине, көмектесеміз.
Тәрбиеші: Олай болса кеттік. Балалар, біз қазір жолдан өтеміз. Жолдағы мына ақ жолақтар не үшін керек?
Балалар: Жолдың арғы бетіне өту үшін.
Тәрбиеші: Бәріміз бағдаршамға қарайық, қандай түс жанып тұр, не істейміз?
Балалар: қызыл жанып тұр, тоқтаймыз.
Тәрбиеші: Сары түс жанса не істейміз?
Балалар: Жүруге дайындаламыз.
Тәрбиеші: Олай болса, бір-біріміздің қолдарымызды ұстап, дайындалайық. Жасыл түс жанса не істейміз?
Балалар: Жасыл жанса жүруге болады.
Тәрбиеші: Кеттік, жолдан өтеміз. Қарандаршы, балалар, мына кішкентай марғау мына тастың түбінде отыр ғой. Жолдан өтуге қорқып тұрған сияқты, көмектесеміз бе?
Балалар: Иә.
(Балалар марғауға жолдан өтуге көмектеседі)
Тәрбиеші: Балалар, сонда да марғаулардың көңіл күйлері жоқ сияқты. Неге деп ойлайсыздар?
Бала/р: Оларға үй керек.
Тәрбиеші: Олай болса мына кубиктерден марғауларға үй жасап берейік.
(Балалар кубиктерден марғауларға үй жасап береді).
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, біз мысыққа үй жасап бердік. Енді мысық пен оның балалары демалсын. Ал біз ойнауға барайық.
Қ/Ойындар: «Кім мерген?»: допты корзинаға дәлдеп лақтыру.
- Бір шелектен екінші шелекке суды төкпей тасу.
- Енді, балалар, бәріміз экранға қарап, бейнетаспаға назар аударайық.
Бейнетаспа: «Мен қауіпсіздік туралы не білуім керек?»
«Өрт қауіпсіздігі» туралы бейне таспалар қарау
Бейне таспадан суреттер қарау арқылы өрт кезіндегі жағдаяттардан қалай шығу керектігі туралы әңгімелесу.
Жүргізуші: Балалар, бүгін сіздер үлкен іс жасадыңыздар. Мысықтың марғауларына көмектестіңіздер. Қайда жүрсеңіздер де бүгінгі білген, көрген қауіпсіз ережелерді естеріңізден шығармаңыздар. Марғаулар, достар сау болыңдар!