Home » Ашық сабақтар » Қасым Аманжолов Ұшқыш болғым келеді

Қасым Аманжолов Ұшқыш болғым келеді

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға жазушы, ақын Қ. Аманжолов шығармашылығы туралы түсінік беріп, өлең мазмұнын талдау арқылы сын тұрғысынан ойлауға, өз пікірін ашық айтуға үйрету; 12 сәуір – ғарышкерлер күні, ғарышқа 60 жыл екенін атап өту. Тұңғыш ғарышкерлер мен Қазақстан ғарышкерлері, ғарыш айлағы  туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау, негізгі идеясын түсіну дағдыларын және өлең оқуға қызығушылықтарын дамыту

Тәрбиелік: Патриоттық тәрбие беру. Елді, жерді қорғау туралы ұғым қалыптастыра отырып, патриоттық сезімдерін шыңдау;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, ойын, топтастыру т.б

Сабақтың көрнекілігі: Қасым Аманжоловтың портреті, суреттер, ғарышкерлер портреттері, қима-қағаздар, стикерлер т.б

Күтілетін нәтиже: -Жазушы, ақын Қ. Аманжолов шығармашылығы туралы түсінік алады;

-өлең мазмұнын талдау арқылы сын  тұрғысынан ойлауға, өз пікірін ашық айтуға, мазмұндауға үйренеді;

-Ұшқыштар, ғарышкерлер туралы мағлұмат алады;

Сабақтың барысы:  І.Қызығушылықты ояту.

  1. Психологиялық дайындық.

Жарқырап күн де ашылады,

Айналаға нұр шашылады.

Біз көңілді баламыз,

Сәлемдесіп аламыз.

  1. Күн, ай суреттерін таңдау бойынша «Ай экипажы», «Күн экипажы» деп  2 топқа бөлініп, орындарына отыру.

 Топ ережесін еске түсіру 
-Бүгін 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні мерекесімен   баршаңызды құттықтаймын!

Сүрінген бабам сан рет,
Космосқа қарай барам деп.
Қойынында мылқау тірліктің
Қандай сыр барын білем деп,
Адами қиял осылай, аспанға ұшып, әрі ұшты,
Қазақтың жері ақыры – қақпасы болды ғарыштың.

Тарихи төңкерістер дәуірі, қырғи — қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттармен енген ұлы ғасырдың біздің халқымызға берген ең үлкен сыйы бар. Оның біріншісі, қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да, қатыгез екпініне қайыспай шыдап, «Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі, ғарышқа қазақ ұландарының барып қайтуы еді. 1957 жылы ғарышқа жол — 4 қазанда ашылды. Осыдан тура 60 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын.

  1. Видео көрсету: -«Арнайы хабар. Ғарыш ғаламаты» бейнебаян тамашалайық. 
  2. Бейнебаяннан сұрақтар қою. Стикермен бағалау

—  Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған кім?

   — Қазақтың атын шығарған, тұңғыш ғарышкер? (Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы — Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 сәуірде көкке самғады да 10 қазанда жерге оралды.) Биыл ғарышкер Тоқтар ағамыздың ұшқанына тәуелсіздігімізбен бірге, 25 жыл толып отыр.
— 2-ұшқан қазақ ғарышкері кім?   ( Т. Мұсабаев мектепті бітіргеннен кейін Рига Азаматтық авиация инженерлері институтына оқуға түседі.

Ол Гиннестің үздік табыстар кітабына енген.
1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

1996 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 207 күн ғарышта өткізген.

2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.

-Алдыңғы жылы сіздер 2-сыныпта болғанда қыркүйек айында ғарыш кемесімен ғарышқа аттанған кім еді?   (2015 жылдың 2 қыркүйегінде отандасымыз Айдын Айымбетов Байқоңырдан «Союз ТМА -18М» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды ғарышта 10 күн болды. Орбитада Айдын Айымбетов қазақстандық ғылым үшін бірқатар сынақ жүргізді, соның ішінде радиацияның миға әсерін зерттеді.

 ІІ.Мағынаны тану.   1. Жаңа сабақ

Автор туралы мәлімет беру.

Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. Әке-шешеден  жастай жетім қалған ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін 1924жылы ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақкөңіл, жайсаң жігіт болып өседі. «Лениншіл жас» газетінде, т.б облыстардың газет редакцияларында жұмыс істеді. 1938 жылы»Өмір сыры» деген бірінші өлеңдер жинағы, одан басқа да көптеген поэмалары жарық көрді. «Туған жер», «Өзім туралы» деген өлеңдері бүгінге дейін айтылып жүр.

Сондықтан Қасым Аманжолов атамыздың мына өлеңіне назар аударайық.

Ұшқыш болғым келеді.

  1. Шығармашылық жұмыс: Топтарға қағаз жөне түрлі түсті фломастер үлестіріп беру.

1-топ:1-2 өлең шумақтарын оқып, мазмұнына байланысты сурет салу,

2-топ:  2-3 өлең шумақтарын оқып, мазмұнына байланысты сурет салу,

                                    Топтық бағалау-2 жұлдыз, 1тілек.

Әр топтан өздері оқыған бөлімнің мазмұнын әңгімелеушілер шығады, оларға сұрақтар қойылуы мүмкін.

  1. Диалог құру Саусақпен бағалау

-Бұл мәтіннің негізгі идеясы не?

— Өлеңде кім туралы айтылған?

-Өлеңдегі баланың басты арманы не?

-Қандай ұшқыш болу?

-Араларыңда ұшқыш болғысы келетін оқушы бар ма?

 

-Қандай  аспанда қалықтайтын ұшқыш болғың келеді?

Байқоңыр туралы не білеміз?( Ғарыш айлағы, онда ғарыш кемелері ұшырылады)

 

— Мұздай болат киінген деген ғарыш костюмі не?(Ғарыш костюмі – скафандр.Егер де ғарышкер ғарыш кемесінен өзінің костюмінсіз шығатын болса, ол бірден сол жерде өліп қалады. Ғарыш костюмі ғарышкерді ғарыштағы қатты суық ортадан қорғайды.

-2-ші шумақ бойынша (оқу) тек ғарышкерлерге тән қасиет пе?

-Тоқтар Әубәкіров кім? – егеменді ел тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қазақ ғарышкері. 3.Талғат Мұсабаев – Тоқтар Әубәкіровтен кейін ғарышқа ұшқан екінші қазақ ғарышкері.

4.Айдын Айымбетов ғарышқа 2015 жылы 2 қыркүйекте аттанды. Ғарышта он күн болды.

ІІІ. Толғаныс

Сергіту сәті

«Айға аттанам, апа» өлеңін айту

-Ғарышкерлер, Сендер – ғарышқа сапар шеккелі дайын тұрсыңдар. Көздеріңді жұмып,түзу отырып, денелеріңді бос ұстаңдар. Міне, ұштық!

Тапсырма 1: Дәптермен жұмыс

Күн жадын, авторды,  тақырыпты жазып алу

Эссе жазу : -Жаңа білімді қалай, қайда қолдануға болады? (дәптерге жазады

Бағдаршаммен бағалау

Тапсырма 2: Картамен жұмыс:

-Балалар, қазір экипажымызбен Қазақстанның үстінен ұшып, Отанымыздың шекарасын картадан қарап, төрт құбыламызда қандай мемлекеттермен көрші екенін ажыратып, суретін салыңыздар

(А 4 парағына)  Қошеметтеп жіберейік!

Тапсырма 3: Сөзжұмбақты шешу

Қорытындылау: Сабақ кезінде қандай сезімде болдыңыз? Неге?

Көңіл күйлерін білдіріп жазады
 Кері байланыс: «Арал» әдісі. 

Бағалау Өзін-өзі бағалау парақтарының ұпайларын есептеп, қорытынды баға шығару

Өз ұпайларын есептейді.Өзін-өзі бағалайды

Үйге тапсырма: Қ. Аманжолов. Ұшқыш болғым келеді. Өлеңнен ұнаған шумақты жаттау.

Еркін жазу — Өзің кім болуды армандайсың?

 

 

Жанузакова Моншак Тулегеновна
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы
Батурин жалпы орта білім беретін мектебі
І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.