Home » Мақалалар » Қасиетті Сарқұл қожа

Қасиетті Сарқұл қожа

Қазақ елінің қай жері болмасын  топырағы киелі,  ауасы мен суы қасиетті. Осындай қасиет қонған жерді  мекендеген адамдардың өзінің жаратылысы өзгеше. Өзінің ерекше қасиетімен ел  аузында болып, тіпті сол қасиеті жеті ұрпағына дейін дарыған  Сарқұлқожа.

Аққозыұлы  Сарқұл  — ХVІІІ ғасырдың аяқ кезінде өмірге келіп, ХІХ ғасырда Қонақкөлмен шектес жатқан Жарықкөлді  мекен еткен. Руы Қожа. Туған жері — Арықбалық ауылдық округі (Қызылорда облысы.Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы). Тарихи шежірелерде ол кісі зікір салып  адамдарды емдеген, кедей-кепшікке қарасып, сыйынса қорғаны, қиналса қолдайтын  көзі тітірсінде-ақ ұлы тұлғаға айналған атақты әруақты қожалардың бірі болған. Сонау 1932 жылы Кеңестік үкіметтен қашып келе жатқан бір кісі: «Уа, Сарқұл қорғап, қолдай гөр! Өзің көмек бермесең мен өлдім», — деген кезде дарияның жағасында ескекті қайық пайда болып, арғы бетке өтіп аман қалған екен.

Сарқұл қожаның бейітінен 100 метрдей жерде биік төбе бар. Бұл Сарқұл  атаның бала оқытқан мешітінің орны. Ол мешітте де ерекше қасиет ие. Сарқұл өмірден өткеннен кейін мешіт дүкен, кеңсе болған. Сол кездегі адамдардың айтуы бойынша, мешіттің есігі өзінен-өзі ашылып-жабылып тұрады екен. Оның немересі Панаұлы Абылда қожа ХІХ-ХХ ғасырда өмір сүрген атақты зікірші, қызыдырып темір шайнаған, періні матап байлаған, жын-шайтанды  зікірмен қойша топтап айдаған. Осындай асыл қасиеттер расыменде Сарқұл қожаның жеті ұрпағына  жалғасқан. Бүгінгі таңда шөбересі  Ізтұрған да  ауырған тісті  жазатын қасиет бар.

Осындай киесі мен қасиеті бірге дарған  жерді мекен еткен Сарқұл қожаға туған жерінде мешіт  ашылып, ел игілігі үшін қызмет көрсетуде. Туған жерден түлеген  аға-бауырлар мен ауыл тұрғындары асарлатып биылғы  жылы «Сарқұл қожа» мешітін қайта жаңартты.

 

   Анар Елеусізқызы,
«Білім айнасы» Қызылорда қаласы

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазалы ауданы энциклопедиясы. Алматы. Қазақ университеті, 2016 ж

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.