Home » Қарым – қатынас жасай білу — үлкен өнер

Қарым – қатынас жасай білу — үлкен өнер

                 

                           

Ата – аналарға арналған кеңес

Күні: 24.01.2019ж.

Кеңес алушы: «Капелька»І кіші топ ата –аналары

Кеңес тақырыбы: «Қарым – қатынас жасай білу — үлкен өнер»

Кеңес беруші: педагог – психолог Менешева К.Н.

 Мақсаты: Ата – аналардың мінезіндегі өктемдіктің, дау жанжалдың туындау себептері, оның адам өміріне әсері, жүйкеге әсер ететін жағдайлардың алдын алу туралы ата – аналардың білімін тереңдету. Жағдаяттарды шешу арқылы қандай да болмасын жағдайды талдай алуға, саналы шешім қабылдауға баулу. Салауатты өмір сүруге, өзінің және балаларының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, айналадағы адамдармен үйлесімді қарым – қатынас жасауына өздерінің жағымсыз мінездерін тәрбиелеуге үйрету.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, ұлы адамдар айтқан ұлағатты сөздер, плакаттар.

1.Кіріспе.

Педагог — психолог: «Ата – аналар қарым – қатынас дегенді қалай түсінесіздер?» Бүгінгі кеңесіміздің тақырыбы «Қарым – қатынас жасай білу — үлкен өнер»деп алуымыздың мәні адамдардың іс- әрекетінде, мінез құлқында, психоэмоционалды тепе – теңдіктің бұзылуы тез ренжіп қалу, өктемдік көрсету, дау – жанжалға берілгіштік көбіне тән құбылыстар болып отыр. Осындай мінездің пайда болу бір себебі теледидар мен интернет арқылы таратылатын ақпараттар тасқыны, көңіл көтеруге арналған көптеген спорттық «шоу» бағдарламалары, зорлық – зомбылықты насихаттайтын фильмдер. Бұлар балалардың қанындағы адреналинді көтеріп, өктем, өзімшіл, бұзылған тұлға қалыптастыруға жол береді. Сонымен бірге балалардың өктем мінезінің қалыптасуына ата – ананың және қоғамның әлеуметтік жай күйі әсер етеді. Ұдайы агрессиялық мінез – құлық көрсету балалардың функционалды жүйесін де нашарлатады. Иммундық жүйесіне де көп зақым келеді. Мысалы, адам агрессиялық өктемдік, қауіптену сезімінде болған кезде ғана кортизол гормоны бөлінетін болса, қуаныш көтеріңкі көңіл – күйде болғанда энофрин гормоны көп бөлінеді. Кортизол ағзадағы өзге гормондарға басымдылық көрсететін болғандықтан, ағзаның толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндігі нашарлайды. Сондықтан балалардың денсаулығының нашарлап, жылдан – жылға бірнеше аурумен қатарлап ауратын балалардың санының өсіп келе жатқанына таң қалуға болмайды. Агрессиялық мінез – құлық балабақша тәрбиеленушілерінде де жиі кездеседі. Оған себеп ата – ананың өз баласына көп көңіл бөлмеуі, балалардың теледидар алдынан кетпеуі, кейде ата – ананың баласына ұрысуы немесе сабауы т.б.

Әр адаммен қарым – қатынас жасауда адамдардың жан – дүниесін түсіну қиын. Сондықтан адамдармен қарым – қатынас жасау барысында оның ішкі жан дүниесіне  назар аударып, жылы лебіздер білдіріп, сыйласа білу қажет.

«Қарым – қатынас жасай білу де  — үлкен өнер».

Сөзіне қарап кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.

Шын сөз қайсы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.

Абай Құнанбаев

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым – қатынасы»

Абрахам Линкольн

«Құнды сөз құнарлы ойдан туады»

Л.Н.Толстой

«Сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды»

Б.М.Теплов

«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті»

Ғабиден Мустафин.

Өзін тәрбілей білмеген өзгені де тәрбиелеп оңдырмайды.

«Тәрбие кешіктірілсе: кешірмейтін, дұрыс бағыт алмаса қайта қалпына келмейтін нәзік те күрделі, кәделі де сауапты, игілікті де ізгілікті істеріміздің бірі»   Я.Корчак.

 

К.Н. Менешева
МҚКҚ №18 «Балдырған» бөбекжайының

ІІ-санатты  педагог-психологы  

                                                             Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.