Home » Жаңалықтар » Қарттарға тағзым

Қарттарға тағзым

    № 55 орта мектептің
Директорының тәрбие ісінің меңгерушісі
Темирова Дамет Махметқызы

Астана қаласы №55 орта мектебінде 1 қазан қарттар күніне орай «Қазыналы қарттарым» атты тағылымы мол мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Кешке мектеп оқушыларының қарт ата – әжелері, мектептің зейнеткер жасындағы ұлағатты ұстаздары шақырылды.11-000777-copy

Мектеп ұжымы ықыласпен қарттарды күтіп, жылы сөз басын оқу орнының директоры Казмуханбетова Жанат Талғатқызы құттықтау сөзімен ашты.

«Өмірдің қиыны мен қызығын, ыстығы мен суығын, ащысы мен тұщысын көрген абзал жандар. Сіздер әрқашан қандай құрметке де лайықсыздар. Еліміздің өркендеуі, балғындардың бейбіт өмірі үшін жан аямай еңбек еттіңіздер. Енді сол еңбектің жемісін жей отырып зор денсаулықтың арқасында бақытты жанұяда ұзақ өмір сүріңіздер. Сіздердің жылы жүректеріңіз, жан-жағына нұр шаша берсін» — дей отырып жүрек жарды ақ тілегін білдірді.

Кеште оқушылардың әзірлеуімен қойылған мерекелік концерті жалғасын тапты.

Оқушылардың мәнерлі де мағыналы оқылған өлең жолдары ешкімді бей-жай қалдырмады. Оқушылар өлең жолдарындағы уақыттың бағалануы, өлшеусіз уақытты ештеңемен теңгеруге болмайтындығын жақсы жеткізе білді. Әншілердің орындауында «Асыл әже», «Қарттарым, аман – сау жүрші» әндері орындалып, қарттардың көңілінен шығып жатқаны ол кісілердің көздеріндегі қуаныштан байқалды.

Иә, өсер елдің баласы қазыналы қарттарын қадір тұтқан, қастерлеген. «Үлкенге – құрмет, кішігі — ізет» жасау әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.

Кеш соңында аяулы қарттарымызға ақ дастархан жайылып, дәм ұсынды. Риза болған қарттарымыз мектеп ұжымына, оқушыларымызға ақ баталарын жаудырып, ізгі тілектерін білдірді.

Иә, өсер елдің баласы ең әуелі қартын, сосын салтын сыйла демей ме? Жастары шау тартқан, бойларынан қуаты кеткен қарияларға қандай сый-сияпат көрсетсек те артық емес.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.