Home » Жаңалықтар » Қарттарым- асыл қазынам

Қарттарым- асыл қазынам

Халықаралық қарттар күніне құрмет көрсету бүгінгі жас ұрпақтың парызы деп санағандықтан, «Кеңгір селосының №2 жалпы орта білім беретін  мектебі» КММ-нің оқушылары өздерінің жүрекжарды құттықтауларын арнап концерттік іс-шара ұйымдастырған болатын. Мерекелік концерт қарттарға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, бақыт тілей отырып ән мен биден шашу шашты.Ән лебімен арайланған төңірек  ақ пейілді қариялардың мейірбан көңілдерінен  шашылған шуақ тәрізді шырайланып тұрды.

Қариялар атынан Жағыпбар Зейнелі  атамыз осы іс-шараны ұйымдастырған мектеп ұжымы мен оқушыларға өз батасын беріп, алғысын айтты. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар»- демекші қарттарымызды қуантып жоғары көңіл-күй сыйлағанға не жетсін!

Когамова Молдир Мукатаевна
Қарағанды  облысы, Жезқазған қаласы
«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ»КММ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.