Home » Эссе » Қариялар – елімнің қазынасы

Қариялар – елімнің қазынасы

Қазақ халқында қарттарды,қарияларды көптi көрген,ақыл тоқтаткан ел сыйлысы,қазынасы деп қадiр тұтқан, қадiрлеген! Қандайда бiр дау-дамай туса,қандайда бiр iске ақыл-кеңес керек болса, осы қарияларға жүгiнген, олардың шешiмдерiне тоқтаған. Алысқа сапар шекседе, алдымен осы қариялардың алдынан өтiп, батасын алып аттанған. Қазіргі кезде отбасында қарт адамдар бар болса ол үйде береке, молшылық болады. «Қарттарым – асыл қазынам» деген сөз бекер айтылмаған. Қазақ халқы тойшыл халық деп айтады, сол тойға барсақ төрдің басында қарт адамдардар отырса,кандай жарасымды, тойдың, дастарханның сәні болып отырады. Мен өзім ата-әжемде тәрбиелндім. Мен оларды қатты жақсы көремін. «Баладан немере ыстық» дегендей оларда мені жақсы көреді. Сұрағанымның бәрін әпереді, тәттінің бәрін менің алдыма қояды. Демалыс кезінде ата-әжеме баруға асығып тұрамын. Мен оларды құрмет тұтамын. Қазіргі кезде қариялар азайып бара жатқандай көрінеді. Өйткені жастарға ақыл айтатын, дастарқанға бата беретін қарттарымыз азайды.

Немересiн алдына отырғызып, ақылын айтатын, жыр-дастандарды жатқа айтып, аузының суын ағызып қызықты әнгiмелер айтатын, үңiлiп, сыр шертетiн, үлкен-кiшiге үлгi болып,өнегесiн көрсететiн, бұрыс жерде дұрыстап, дұрыс жерде қолпаштап жiберетiн қазыналарымыз қайда кеттi?!
«Батаменен ел көгерер» деген. Бата түгiл, бес намазын оқып, парызын орындап жүргендерiде шамалы. Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында бұлжытпай орындауына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік, кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Қазіргі кезде кейбір жастарымыз өз ата-анасын қарттар үйіне өткіген. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын мемлекеттік мекеме. Қартаю – белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиісті екеніңді ұмытпау керек. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да толықтай құқы бар. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйге олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты. Осының себебі неде? Ол дегеніміз баланың ержетіп,есейгеннен соң перзенттік парызын өтей алмауында. Бұл үлкен күнә болып саналады. 9 ай бойы көтеріп, жарық дүниеге әкелген баласынан мұндайды күтпеген ата-ана еріксіз көзіне жас алып, баласының айтқанаына көнеді. Көнбегенде ше, жас ұлғайып, күш-қуат азайып, баласының айтқанын тыңдайды. Ондай жастар уақыт өте келе өкінеді, өйткені ата-анаңа қандай жамандык істесең, балалары ержеткенде соны оларға істейді. Сондықтан да әр нәрсені ойланып істеу керек. Ата-ананы сыйлау, құрметтеу ол біздің ең бірінші міндетіміз. «Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да, қарызыңды өтей алмайсың»деліген, осы сөздің астарына тереңдей түңілсек,мағынасы терең ұғым береді. Өйткені ата-анаңа қандай жақсылық істесеңде, көптік етпейді. Қарттарды қадірлеп,сыйлау керек. Себебі ол кісілер бізге ақыл айтып, әрдайым қолдап жүреді. Сол кісілердің арқасында біз бақытты ғұмыр кешіп жүрміз. Ол кісілер біздің ата-анамызға дүние есігін ашты. Біздің әрдайым қуанышты жүзімізді көріп, қуанады, барлық жағдайымызды жасайды. Қарт адамдар үйдің берекесі. Аллаға шүкiр, қазiр азғындыктан безген, оқу, ғылымды қуған, намазға жығылған, тура жолды таңдаған жастар өсiп келедi. Осыларға қарап,тәубе дейсiн! Болашақта қандай байлық, мансабым болды деп емес, қандай үлгi боларлық iстер жасадым, қандай игi iстер жасауды, қалай үлгi болуды, ел сыйлайтын азамат болудың қыр-сырын айтып, ақыл берiп, түзу жолға салып отырар ел сыйлайтын ақсақалдар, қазыналар өсер деп үмiттенемiз

Олжабай Шұғыла,
КММ №59 ЖББОМ
4 «А» сынып оқушысы,
Қарағанды қаласы.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.