Home » Жаңалықтар » ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ  ЖОБАСЫ  МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ  ЖОБАСЫ  МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

 2-наурызда, Павлодар облысы Екібастұз қаласының №10 мектеп базасында білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік кабинетімен «Қаржылық сауаттылық бойынша Бағдарламаны қалай құру керек» тақырыбында семинар өткізілді. Пилоттық жоба Астана қаласының «Серпін» Медиа Орталығымен және қаланың білім бөлімімен жүзеге асырылуда.

2016-2017 оқу жылына арналған кешенді жоспар әзірленді, үздік бағдарламаға конкурс жарияланды, оқу жылының соңына дейін ең үздік суретке, эссеге, жеке қаржылық жоспарға байқау өткізу жоспарланып отыр, сондай-ақ қаржылық сауаттылық Аптасы өткізілмек.

4-наурызда мектеп директорлары мен мұғалімдері үшін «Серпін»  Медиа Орталығымен екінші  республикалық  семинар өткізілді.   Инновация мектепке дейінгі балалар  мекемелерінен барлық мектептердің  тарапынан қолдау тапты.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.