23.11.2016 жылы Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Тонкая красная линия» деп аталатын деректі фильм ұсынылды. Бұл деректі фильмде Елбасымызбен тілдесе отырып, еліміздің шекарасының қалай бекігенін, осы жолда қаншама жұмыстардың жасалғанын, қанша мемлекетпен шектесетініміз, көршілес мемлекеттер жөнінде көруге болады.
Алдымен фильм 7-8 сынып оқушыларына сағат 13.00 де ұсынылды. Деректі фильмнің ұзақтығы 22 минутқа созылды. Бірнеше оқушымен тілдесу барысында, ой бөлістік. Жалпы оқушыларға бұл деректі фильм қатты ұнады, сонымен қатар көптеген мәліметтер алғанын жеткізді.
9-11 сынып оқушылары сағат 13.40 тамашалады. Жоғары сынып оқушылары осы деректі фильмнен кейін, ел шекарасын қорғау үшін еңбек еткісі келетіндерін де айтып кетті. Жалпы оқушылар талдау барысында көптеген жақсы тілектер мен ұсыныстар айтып жатты.
Қорытындылай келе көптеген оқушылардың сана сезіміне айтарлықтай ой салдық деп ойлаймын. Патриоттық сезімдерін оятып, Еліміздің Тәуелсіздігі үшін ерен еңбектер мен күштер жұмсалғанын көрсете білдік. Шекарамыздың қалай қалыптасқанын және қандай іс-шаралар жүргізіліп тұратынымен таныстыра білдік деп ойлаймыз.
КАЙЫРКЕЛДЫ САБИТОВ