Home » Жаңалықтар » «Қаралы қаңтар» – Тәуелсіздікке апарар жол» атты фотосуреттер көрмесі ашылады

«Қаралы қаңтар» – Тәуелсіздікке апарар жол» атты фотосуреттер көрмесі ашылады

2017 жылғы 13 қаңтарда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінде (Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11) Бакудегі 1990 жылғы 20 қаңтардағы оқиғаларға арналған «Қаралы қаңтар» – Тәуелсіздікке апарар жол» атты фотосуреттер көрмесі ашылады. Шара Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстандағы Әзербайжан Республикасының елшілігімен бірлесе ұйымдастырылады.

1990 жылғы 20 қаңтарда Баку қаласындағы қайғылы оқиғалардың салдарынан жүзден астам бейбіт халық қаза тапты. Қазақстандағы Әзербайжан Республикасының елшілігі Әзербайжанның тарихында халықтың тәуелсіздік үшін күресінің парағы ретінде есте қалған оқиғаға байланысты фотосуреттерді көпшіліктің назарына ұсынады. Фотоматериалдар тәуелсіздікке қол жеткізген Әзербайжан халқы рухының жанды куәсіне айналып отыр.

«Қаралы қаңтар» — Тәуелсіздікке апарар жол» фотосуреттер көрмесі 2017 жылдың 20 қаңтарына дейін жалғасады.

Кіру тегін.

Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.