Қазан айының 24-і мен қараша айының 11-і аралығында Қапшағай қаласында бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында Самарканова Аяулым Аскаткызының жетекшілігімен қала мен аймақ мұғалімдеріне арналған курс өтті. Курс барысында біздер жаңартылған білім беру бағдарламасы, оның құрылымы, тиімді оқу үдерісін жүргізуге қажетті педагогикалық әдістемелермен және қолданылатын бағалау тетіктерімен жүйелі түрде таныстық. Білім беру бағдарламасына негіз болған теориямен танысып қана қоймай, бұл теорияны тәжірибе жүзінде іске асыруға қабілетті болу үшін бірнеше күн бойы оқу бағдарламасы мен сабақ жоспарларын талдадық. Ықшамсабақтар өткізіп, өзіміздің оқыту тәжірибелерімізбен бөлістік. Критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білудің жолдарымен таныстық.
Жаңалыққа жаны құмар,
Мұғалімдер жиналдық.
Бағдарлама мақсатына
Аз да болса қиналдық.
Бағыт-бағдар берер бізге,
Аяулымдай тренер бар.
Түрлендірген әдістерін,
Шеберлігімізді ол шыңдар.
Жаңартылған бұл білімнің,
Мазмұнын біз талдадық.
Критериалды бағалауды,
Топпен, жұппен қолдандық.
Белсенді оқушы бейнесін талдау
Педагогикалық тәсілдер талқылау кезеңдерінен көрініс
Ұжымдық әрекет табысқа жетелейді
Ықшам сабаққа дескрипторлар құру кезеңі
Осы біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырған «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы “Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына” шексіз алғысымызды білдіре отырып, Самарканова Аяулым Аскаткызына шығармашылық табыстар тілейміз.
Қапшағай қаласы мен аймақтың бастауыш сынып мұғалімдері:
Б.Алтаева №3 ОМ, Г.Омарова ОМГ, А.Сулейменова ОМГ