Home » Ашық сабақтар » ҚАНЫШ СӘТБАЕВ. ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ МЕН РАЙЛАРЫ

ҚАНЫШ СӘТБАЕВ. ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ МЕН РАЙЛАРЫ

        Сабақтың мақсаты: Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру. Етістіктің шақтары мен райларын қайталау.
        Сабақтың міндеттері:
        Білімділік: Оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы мәлімет бере отырып, оқушылардың байланыстырып сөйлеуін, әдеби тілін қалыптастырады, сөздік қорын молайтады.
        Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытып,  ой-өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.
         Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелейді, отансүйгіштік сезімдерін арттырады. Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастырады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойландыру, салыстыру, іздендіру,  АКТ, СКТ, дұрыс-бұрыс әдісі, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта, презентация, парақшалар.

Оқыту формасы: топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, жаратылыстану, география

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

Қонақтармен амандасу.

Алақанымыздың жылуы арқылы келген қонақтарға, бір-бірімізге жылы сөз айтайық, тілек айтайық.

Бақытты болайық, еліміз тынышты болсын, денсаулығымыз мықты болсын,

Мұғалімнің сөзі. Бүгін біздің сабағымыз ерекше, себебі бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Сабағымызда топпен жұмыс істейміз. Жұмысымыз келесі жоспар бойынша жүргіземіз. 

Сабақ жоспары

І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Мәтінмен жұмыс.

ІІІ. Ізденіс жұмысы (Компьтермен жұмыс).

ІV. Тапсырмалармен жұмыс.

Кезекшімен сұхбаттасу

  • Бүгін кім кезекші?
  • Сыныпта кім жоқ?
  • Үйге қандай тапсырма берілді?
  • Үйге: Манаш Қозыбаевтың өмірбаяны туралы баяндау және  етістік, етістіктің категорияларын  қайталау.

Сұрақ-жауап әдісі   

Манаш Қозыбаев  кім?

  • Ол қай жылы және қайда дүниеге келді?
  • Оның қандай еңбектері бар?
  • Еңбектері қай елдерде жарық көрді?
  • Біздің қалада қай оқу орнына Манаш Қозыбаевтың есімі берілді?
  • Манаш Қозыбаев туралы қандай фильмдер түсірілді?
  1. «Есіңе түсір» миға шабуыл ойыны

«Етістік» секторы

  1. Болымсыз етістік қалай жасалады?
  2. Тұлғасына қарай етістіктің неше түрі бар?
  3. Мағынасына қарай етістік қалай бөлінеді?
  4. Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?

«Шақ» секторы

Етістіктің неше шағы бар?

  1. Өткен шақтың түрлері.
  2. Келер шақ деген не?
  3. Нақ осы шақтың жасалу жолдары?

«Рай» секторы

  1. Қалау рай қалай жасалады?
  2. Шартты рай қалай жасалады?
  3. Бұйрық райлы етістік деген не?
  4. Ашық рай дегеніміз не?

Мұғалімнің сөзі:

— Жақсы балалар, үй тапсырмасын орындап келіпсіздер, енді біз жаңа сабаққа көшеміз. Балалар, алдарыңызда  сыңарынан бөлінген мақал-мәтелдер  жатыр. Соларды дұрыстап  құрастырып, тақырыбын айтыңыздар?

Жаңа сабақ: .

Мақал-мәтелдер  (тақырыбын сұрау).

Ғалым болсаң,

Елге мәлім боларсың

 

Білімді өлсе, қағазда аты қалар,

Ұста өлсе, істеген заты қалар

Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол
  • Мұғалімнің сөзі: тақырыбы білім, ғылым туралы. Иә, әрине, бұл жерде  ғалымдар туралы сөз етпей кетуге болмайды. 

Этногроф, ғалым — Шоқан Уәлиханов.

 Алғаш оқу құралы мен қазақ әліппесін жасаған ғалым — Ахмет Байтұрсынов.  Шығыстанушы, әдебиеттанушы ғалым — Әлкей Марғұлан.

Тарих тарланы — Манаш Қозыбаев.

Қазақта тұңғыш академик атағын алған  Мұхтар Әуезов.

Қазақта тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама — Қаныш Сәтбаев.

 Сонымен,  балалар, бүгінгі  сабақтың тақырыбы Қаныш Сәтбаев.

Мұғалім сөзі:  Мен сабағымды  Қаныш Сәтбаевтың  сөздерімен бастағым келіп тұр.

«Ғалым болу үшін, ең алдымен, адам болу керек. Ғалым барлық өмірін, еңбегін өзі үшін емес, халық үшін, адамзат үшін сарп етеді» деген екен ғалымның өзі.

Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті —  Қаныш Сәтбаев.

Ол  тек қана  геология саласында ғана емес, оның әдебиетке де қатысы бар. Оған дәлел оның жазған «Ер Едіге», «Обаған», «Қазақстанның ұлт театры туралы», «Том қаласындағы ұлттар кеші», т. б. шығармалары. «Алгебра оқулығына» қосқан 220 терминдері арқылы да оның нағыз сөз атасы болғандығын түсінеміз.

Мұғалім сөзі:  ал енді  тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныс болыңыздар.

Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздерді оқып беру;

Жаңа сөздерді кезекпен қайталату;

Сөз тіркестерін құрату;

Сөйлем құрату.

Жаратылыстану – естествознание, природоведение

Геологиялық-барлау – геологическая разведка

Марапатталу – быть награжденным

Ғұлама – мудрец, признанный ученый

Мұғалімнің сөзі: Енді  бұл  сөздерді сөздік дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.

Сөздер  мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру.

І топ.  «Ғұлама»  сөзіне 1 сөз тіркесі, 1 сөйлем құрайды.

ІІ топ. «Марапаттау» .

ІІІ топ. «Жаратылыстану» (кейін әр топ өз жазғандарын оқиды).

 Сөз тіркестері: Ғұлама ғалым, марапат иесі, жаратылыстану сабағы.

Сөйлемдер: Шоқан Уәлиханов — ғұлама ғалым.

Концертте әртістерді марапаттады.

Бүгін жаратылыстану сабағы болды.

Мұғалімнің сөзі:

  • Енді жоспарымыздың екінші кезеңіне кірісейік.

ІІ кезең. Мәтінмен жұмыс. 1- тапсырма

 Қаныш Сәтбаев

          Қаныш Сәтбаев 12 сәуірде 1899 жылы дүниеге келді. Ол  бала кезінен зерек болды.  Алты жасынан бастап ауыл мектебінде оқыды. Ауыл мектебінде арабша хат танып, араб тілін үйреніп, парсы, түркі әдебиетінің үлгілерімен танысқан.

1912 жылы Қаныш Павлодар қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебіне түседі. Бұл мектепте ән салып, гитара, домбыра тартады.

          1914 жылы Қаныш Семейдің семинариясына түсіп, онда төрт жыл оқиды. 1918-1919 жылдары Қаныш Семейде педагогика курсында жаратылыстану пәнінен сабақ берді. Жоғары білім алғысы келді. Кейін Томскідегі Технология институтына түсті.  Алғашқы күндерден бастап оның назары геологиялық – барлау мамандығына ауады. Екінші курстан кейін ол өз ұстазы М.А.Усовтың дала  жұмыстарына қатысады. Институтты бітіргеннен кейін Қ.Имантайұлы Сәтбаев өзінің туған өлкесі Қазақстанға оралды. Қаныш  бүкіл өмірін геологияны зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат базасын жасауға арнады. Оның еңбектері  640-тан астам.

1964 жылы қаңтар айында ғұлама ғалым қайтыс болды.

  1. Мәтінде кім туралы айтылды?
  2. Осы мәтіннен Қаныш Сәтбаев туралы не білдіңдер? (оқушылар мәтінді әңгімелеп береді).

     ІІІ кезең  2-тапсырма.

  • Ал енді мына компьютерлерден Қ. Сәтбаев бойынша қосымша материал  іздеп табамызда,  келесі жұмыстарды атқарамыз. Тақтаға қарап тапсырмаларыңызды  біліп алыңыздар.

І топ постер құрады. Тақырыбы  «Сатбаев атында»

ІІ топ хронологиялық кесте құрастырады. Тақырыбы: «Ғылым жолындағы еңбектері»

ІІІ топ. Диалог құрады. Тақырыбы:  «Балалық шағы және білім алуы»

Осы жұмысқа  үш минут беріледі. Енді әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

 Жақсы, балалар, енді жаттығу жұмысын орындайық. Дәптерімізді ашамыз, бүгін …

  • Қарашаның жиырма бесі.
  • Сынып жұмысы.
  • Сабақтың тақырыбы Қаныш Сәтбаев.

3- тапсырма.  Көп нүктенің орнына тиісті баяндауыштарды қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар:

  1. Қаныш Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында ….. .
  2. Оның ерекше қасиеті – студенттік шағынан … , өмірінің соңғы күндеріне дейін – қарапайымдылық, кішіпейілділік, қолынан келген көмегін … .
  3. Қаныш ағаның өз-бойындағы барлық күшін, жігерін, табиғаттың ерекше берген ақылын адам үшін ….. .

Керекті сөздер:  туған, аямайтын,  жұмсаған,  бастап.

4- тапсырма. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіріңдер.

 

Қаныш Сәтбаев 12 сәуірде 1899 жылыекі кластық орыс-қазақ мектебіне түседі.
Алты жасынан бастапТехнология институтына түсті.
1912 жылы Қаныш Павлодар қаласындағыауыл мектебінде оқыды.
Кейін  Томскідегіөзінің туған өлкесі Қазақстанға оралды
Институтты бітіргеннен кейін Қ.И.Сәтбаев.және туған өлкесінің миниралдық шикізат базасын жасауға  арнады.
Қаныш  бүкіл өмірін геологияны зерттеугедүниеге келді.

 5- тапсырма. Сөйлемдерді аяқтау (Интербелсенді тақтада)

  1. Қаныш Сәтбаев бала … .
  2. Алты жасынан бастап ауыл мектебінде ….
  3. Ауыл мектебінде арабша хат…  .
  4. Араб тілін … .
  5. Парсы түркі әдебиетінің үлгілерімен …. .
  6. Қаныш Павлодар қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебіне …  .  

Керекті сөздер: түседі, зерек болды, танысады, оқиды,   таниды.

6- тапсырма. Семантикалық карта

І топ етістіктерді теріп жазады

ІІ топ  райларды табады

ІІІ топ  етістіктің шақтарын анықтайды

   Семантикалық карта. 2мин

 

  осы шақБолжалды келер шақМақсатты келер шақАуыспалы келер шақЖедел өткен шақБұрынғы өткен шақАуыспалы өткен шақ
Келді       
Оқыды        
болды       
танысқан       
Арнады        
Қатысады   +   

 

  Семантикалық карта

 

 Ашық райҚалау райБұйрық райШартты рай
Келді    
Оқыды     
болды    
танысқан    
Арнады

 

    
Қатысады    
Алғысы келді +  
     

7- тапсырма. Етістікті талдау.

 І топ бір  етістікті шақ категориясына жіктейді

ІІ топ бір етістікті  рай категориясына жіктейді.

ІІІ топ етістікке СКТ жасайды. 

 Бекіту:

Сабақты қорытындылау:

8- тапсырма. Дұрыс-бұрыс әдісі тапсырмасы бойынша  сабағымызды қорытындылаймыз.

 ДұрысБұрыс
Қаныш Сәтбаев 12 сәуірде 1899 жылы дүниеге келді.  
Ауыл мектебінде арабша хат танып, араб тілін үйреніп, орыс, ағылшын әдебиетінің үлгілерімен танысқан.  
1912 жылы Қаныш Қостанай қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебіне түседі.  
Томскідегі Технология институтына түсті.  
Қаныш  бүкіл өмірін физиканы зерттеуге және туған өлкесінің миниралдық шикізат базасын жасауға  арнады.  
Оның еңбектері  640-тан астам.

 

  

9-тапсырма. «Өзіңді- өзің тексер» (тестілеу)

Үйге: Қаныш Сәтбаев бойынша мазмұндамаға дайындалып келу.

Бағалау

 1 топ2 топ3 топ
Үй жұмысы   
Мәтінмен жұмыс   
Ізденіс жұмысы   
Тапсырмалармен жұмыс 5-тапсырма. Сөйлемдерді толықтыру   
Сәйкестендіру. 6-тапсырма   
7-тапсырма  Сөйлемдерді аяқтау. (инт тақтада).   
8-тапсырма. Семантикалық карта   
9- тапсырма. Етістікті талдау   
10-тапсырма. Дұрыс — бұрыс   
11-тапсырма. Тест   
    

Петропавл қ. №7 орта мектебінің
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Омарова Гульнар Жумажановна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.