Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қоғамда болып жатқан үдерістерден хабары бар адамдар ғана емес, бүкіл жұртшылық қызығушылықпен оқып, оны арман-мүдделерінің тоғысатынына және орындалатынына балады. Себебі біз қоғамдық қатынастың күрделі кезеңінде тұрмыз.
Бүгінгі таңда қоғамның білім саласын басқаруға, азаматтық қоғамның билікпен диалог құру, қолдау көрсету, жүйедегі барлық кедергілерге тосқауыл қою мақсатында Қамқоршылық кеңесі жүйелі тың бастамаға айналуда. Білім және Ғылым Министрлігі тарапынан осы бастаманы нақты қолға алып, қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеу тәртібін бекітіп, бұл институтты еліміздегі барлық мектептерге тиімді таратып, жүйелі жұмыстар жүргізуді талап етуде.Мемлекет тарапынан рухани жаңғырудың жарқын жолына айналған маңызды бастамаға ауқымды міндеттер қойып отыр.Сондықтан жұртшылыққа қамқоршылық кеңестері туралы ақпаратты, олардың қызметі, құру тәртібі, олардың білім беру ұйымдарындағы мақсаты мен рөлі туралы көбірек мағлұмат беру қоғамның алдында тұрған міндеттердің бірі.
Білім саласын немесе нақты бір білім мекемесін дамытуға, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, мектебіміздің білім мен тәрбие саласын жетілдіру, оқыту жағдайын барынша жақсартуға, балалардың құқықтарын қорғау және сақтау мәселелеріне қоғам назарын аударуға, сапалы білім беру қызметтерін көрсетуге бағытталған шараны жүзеге асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығымен Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары ережесін басшылыққа ала отырып, 9 адамнан тұратын қамқоршылық кеңесі құрылып, мектепішілік арнайы іс-шара жоспары жасалды. Қамқоршылық кеңесі міндеттерін орындау, саралау жұмыстарымен мектебімізде құрылған бастамаға ата-аналар комитеті ұсынған заңды өкіл, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, кәсіпкерлер, құқық қорғау өкілдері тартылып, өз үлестерін қосып келеді.
Атқаратын қызметі:
- Мектеп миссиясын анықтауға, даму стратегиясын жасауға қатысады, қызметін бағалауды жүзеге асырады.
2.Қамқоршылық кеңес қаражатты жұмсау бойынша қоғамдық бақылау жүргізеді.
3.Білім беру және еңбек тәртібі заңдарына сәйкес даму бағыттарын ұйымдастыруға және айқындауға ықпал жасайды.
4.Жетім, қамқорлықсыз қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетеді.
- Мұғалімердің шығармашылығын дамытуға, оқушылардың білім сапасын арттыруға көмектеседі.
- Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын ескеріп, кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, ынталандыру, марапаттау, көмек көрсету шараларын жүзеге асырады.
Қамқоршылық кеңес мектеп –интернаттағы оқушылардың сабақтан тыс уақыттарда жан-жақты дамып жетілуіне, түрлі үйірмелерге қатысып, уақытын тиімді пайдалануына қолдау жасап,мектеп-интернатта дарынды және аз қамтамасыз етілген балаларды қорғау, түрлі үйірмелер мен секциялар ашу, балалар мен жасөспірімдер үшін акциялар ұйымдастыру және өткізу, сол сияқты мектепте инновацияға қолдау көрсету мәселелері оң шешімін тауап келеді.
Сонымен қатар мектеп-интернатта болып жатқан түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысып, оқу –тәрбие процесіндегі шешілуі тиіс мәселелерге өз ұсыныс келісімдерін білдіріп,мектеп-интернатта елді мекенде тұратын оқушылар жатып оқитындығына байланысты, мереке күндердегі 7-11 сыныптардың негізгі бөліктегі сабақтарын сенбі күнге ауыстыруға да келісіп қолдау білдірді.
Сөзімді қорытындылай келе, мектеп-интернаттың Қамқоршылық кеңесі білім беру үдерісінің жаңарту жағдайында алдағы уақытта мектеп-интернатта атқарылатын тың жобаларға өз үлесін қоса бермек.
Қамқоршылық кеңесі мектебіміздің қызметінің тиімділігін арттырумен қатар, мәселелерді шешуге бағдарланып, біршама игі істер атқаруға алдағы уақытта мұрындық болатынына нық сенімдеміз.
Ал ұрпақ тәрбиесі бүгінгі таңда барша қоғам мүддесі екені сөзсіз.
Шамұратова Гүлмира Шерниязқызы,
Қызылорда қаласы.
«Қызылорда облысының білім басқармасының
Е.Әуелбеков атындағы № 4 облыстық дарынды
балаларға арналған мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
әлеуметтік педагогы.