Home » Жаңалықтар » «Қамқорлық» акциясының есебі

«Қамқорлық» акциясының есебі

Ағымдағы жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында Әуезов ауданы 126 мамандандырылған лицейімізде «Қазақстан – мейірімділік мекені» жобасы аясында   дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясы бастау алды. Осы акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, акция бұрышы жасалды.

Акцияның мақсаты — азқамтылған, көпбалалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету және лицейіміздің оқушыларының бойына адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.

Айлық төңірегінде мектебімізде мейірімділік  жәшігі орнатылды.Оған мұғалімдер, оқушылар өз тарапынан 80000 теңге көлемінде қажетті оқу – құралдары және киімдерді,азық-түлікті көмек ретінде жәшікке салды. Ол лицейіміздің  2 жетім, 3 жартылай жетім оқушыларына берілді. Киілген киім-кешектерді лицей жанындағы Қазақстан мұсылмандар Діни Басқармасының ұйымдастырған  «Мұқтаж жандарға қамқорлық» қоры «Мұқтаж жандар дүкеніне» берілді.Акция аясында лицейіміздің ұстазы Егемберді Назипа   азқамтылған 9 сынып оқушысының ата-анасына 10.000 теңге ақшалай көмек көрсетті.

 Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңіріп өскен халық. «Мейірімге толы жүрек» ұранымен Әуезов аудандық білім бөлімінің басшыларымен бірлесе отырып, ұстаздарымыз бен оқушылар  Алматы облысы  №1 балалар үйіне барып, балаларға сыйлықтар беріп, концерттік бағдарлама қойып бүлдіршіндердің көңілін көтеріп қайтты. Атап айтсақ, 200.000 теңге көлемінде балалар үйіне еңбек құралдарын, 200.000 теңге көлемінде оқу-құралдары мен киім-кешек берілді. Сонымен қатар,  Алматы қаласы № 1 балалар үйіне 15.000 теңге шотына салынды.

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.