Home » Мақалалар » Қалыптастырушы бағалауға арналған тиімді интернет ресурстары

Қалыптастырушы бағалауға арналған тиімді интернет ресурстары

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «адамзат үшін XXІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» сөзін алға тарта отырып, ұстаздарымызға сабақ барысында бағалауды ұйымдастыруда тиімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануды ұсынамыз. Қазіргі таңда әрбір ұстаз АКТ қолданудың маңызын түсінеді және өзіндік тәжірибеге ие. Ұстаздармен тәжірибе бөлісу мақсатында интербелсенді тақта, компьютер және интернет желісін қолдану арқылы жүзеге асатын бағалауға арналған бірнеше интернет ресурстарды қолданудың артықшылықтарына тоқталғымыз келіп отыр.

Plickers. Бұл интернет ресурсы интербелсенді тақта және компьютер қолжетімсіз болған жағдайда мұғалімнің ұялы телефоны арқылы сынып көлімінде бағалауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бұл бағалау бағдарламасының басты артықшылықтарының бірі QR код карталарын қолдану арқылы мұғалімнің уақытын үнемдейді және оқушылардың көрсеткіштері туралы статистикалық ақпараттарды жинақтайды. Оқушылар сұрақтарға QR код карталары арқылы жауап бергендіктен өзгелердің жауаптарын көре алмайды. Тестілеу сұрақтарын интербелсенді тақтада көрсетуге немесе оқушыларға таратуға болады. Бұл бағдарламада тестілеумен қатар «true or false» активитиін де ұйымдастыруға болады.

  Socrative. Бұл бағалау бағдарламасын қолдану үшін интернет желісіне қосылуға мүмкіндігі бар кез келген электронды құрылғыларды (ноутбук, планшет, смартфон және т.б.) пайдалануға болады. Бағдарлама оқушылардың білім жетістігін бағалау үшін «true or false» сұрақтарын,  бір және бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын, толық жауап беруді талап ететін сұрақтарды құрастырып қолдануға, әрі бағалау үрдісін викторина түрінде ұйымдастырып, белсенді оқыту әдісі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Қолдану мақсатына қарай топтық, жұптық және жеке жұмыстар кезінде қолдануға болады.

Kahoot. Бұл бағдарлама socrative бағдарламасы секілді дидактор болып табылады. Негізінен тестілеуге арналған бұл бағдарламада тест сұрақтарын құрастыруда фото және бейнероликтерді қосуға болады.

 

Мұғалім сұрақтың деңгейін ескере отырып балл қоюына және әрбір сұрақтың орындалуына уақыт белгілеуіне болады. Әрі бұл бағдарлама оқушыларды кері байланыс құралы ретінде тиімді болып есептеледі.

Сөзімді қорытындылай келе, қалыптастырушы бағалауда ауызша немесе қағаз түрін қолданып қана қоймай. Жаңа ақпараттық технологиялар көмегимен бағалауды тиімді әрі оқызықты болып табылады. Бағалауда тек үздік тәжірибелерді қолдана білейік.

  

Баймусаев Шерхан Сарсенбаевич

Шымкент қаласындағы физика-математика

бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.