Home » Ашық сабақтар » Қалдыбекова Айдана Әзімбайқызы

Қалдыбекова Айдана Әзімбайқызы

Қалдыбекова Айдана Әзімбайқызы,
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Әбдіғаппар ауылы
№213 жалпы орта білім беретін мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі

Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат

 

Мақсаты: оқушыларға Тәуелсіздік туралы түсіндіру, егеменді еліміздің толағай табыстарын паш ету, тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, ұлтжандылыққа, діні мен тілін сүйе білуге үйрету,баулу.
Көрнекілігі: слайд шоу, тәуелсіздік тақырыбындағы суреттер.
Барысы.
Мұғалім: Балалар, біздің елдің атауы қалай? Ел басымыз кім? Астанамыз қай қала? Біз қандай мемлекетпіз? Тәуелсіз мемелекет болып қай уақытта қабылдандық? (Көрермен оқушылар жауап береді және тақырып ашылады)
Мұғалім: Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік туралы жарлығы жарияланысымен-ақ дүниежүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады. Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өрениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан- әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Тәуелсіздік- елдіктің киелі кепілі, ұлттық татулығымыздың нышаны. Ендеше осындай тәуелсіздігімізді арқа тұтып, сіздерге арналған 5а-сынып оқушыларының дайындаған ашық тәрбие сағатын тамашалаңыздар!
Ғазиз: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» атты іс-шарамызды бастаймыз!
(Әнұран орындалады)
Асылбек: 1986 жылғы отты оқиғаны «Тәуелсіздікті аңсаған елдің ширыққан намысы» деп бағалаймыз.
Ғазиз: Желтоқсанның ызғырына қатысқан,
Қарапайым қазақ халқы алысқан.
Алға ұмтылған ардақты да, аяулы,
Саясатқа көз бұрған.
Талай қазақ қыздары мен ұлдары,
Келешектің қамын ойлап, тартысқан
Желтоқсанның құрбандарын әрқашан
Еске аламыз алаулаған оттай қып,
Қаншама адам осы үшін куресіп
Өмірге бір басын сүйреп алысқан
Құрбандарға бас иеміз бәріміз!
Асылбек: Ерлігі еліне үлгі, ұрпаққа ұлағат қазақ халқының перзенттері ретінде Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялауға рұқсат етіңіздер.
(Бір минут үнсіздік)
Ғазиз: Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,
20 жыл Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы
Елі текті,киелі,қасиетті жерімнің
Құтты болсын еркіндігі,ата-баба арманы
Көрініс.
Асылбек: Тәуелсіз елдің тілегі- бейбітшілік,тыныштық, тірегі- татулық, болашағы-білімді ұрпақ.
Ортамызда «Воздушный экипаж» биі. Қарсы алыңыздар!
Ғазиз: Тәуелсіздіктің толағай табыстары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасы- туған халқын,даласын жанындай сүйетін кісі. Мұны сөзімен де, ісіменде дәлелдеп келеді. Ендеше келесі кезегімізді Тәуелсіздік жайлы өлең шумақтарына берейік!
Асылбек: Тәуелсіздік- ата-бабамыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
Біздің жеріміз- өз тарихында көпті көрген ұлы дала.
Ортада мәнерлеп оқу.
(Ғазиз бен Аяжан мәнерлеп оқиды)
Ғазиз: Осынау тәуелсіздіктің бастауы,арқауы болған Желтоқсан оқиғасы барша қазақстандықтың жүрегінде мәңгілікке орын алып, қазақ жұртының өшпес тарихына айналып қалары сөзсіз. Бізідің мақтанышымыз- елі үшін,жері үшін жанын пида еткен асыл азаматтарымыз, Желтоқсан құрбандары. Ендеше бір сәт Желтоқсан құрбандарын еске алып, экранға назар аударайық!
(Видеоролик көрсетіледі)
Мұғалім: Қазіргі таңда 16-17-желтоқсанды Тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады. Сондықтан 16-желтоқсанның қасіретті күн екендігін жадымызда сақтап, әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың ақталған күні екендігін сезінуіміз қажет. Бұл күні қара жамылып отыру орынсыз. Сол себепті де «Арманға да қол жеткізген күн» деп шаттық ретінде атап өтіп, екінші жағынан Желтоқсан құрбандарына да тағзым ете жүруіміз керек. Оларда ел жадында мәңгі сақталмақ.
Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін. Осымен «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» атты іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Қатысып, тамашалағандарыңызға көп  рахмет. Сау болыңыздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.