Home » Білім және өнер » Қала мектептері жаңартылған білім мазмұнын сынақтан өткізуде

Қала мектептері жаңартылған білім мазмұнын сынақтан өткізуде

Оқу жетістігін бағалаудың жаңа формаларын қолдану бойынша іс-тәжірибе алмасу мақсатындағы семинар ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеді.

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласы білім бөлімінің әдіскері Қ.А.Жарылғаповтың ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін мектептерде оқу жетістігін бағалаудың жаңа формаларын практикада қолдану» тақырыбында семинар өтті. Қаланың биылғы оқу жылындағы 1-сыныпқа сабақ беретін барлық мұғалімдері қатысып, өзара іс-тәжірибе алмасты. Нақтырақ айтсақ, С.Сейфуллин атындағы гимназия мұғалімі Ү.О.Нұғманова, №27 ЖОББМ ұстазы Н.Т.Шубаева «Білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сыныптарда басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттар» жөнінде талдау жүргізді. «Білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сыныптарда түрлі оқыту стратегияларын қолдану» бойынша №5 ЖОББМ мұғалімі А.С.Садуакасова өз тәжірибесін ортаға салса, №16 ЖОББМ мұғалімі С.К.Сурауханова жаратылыстану пәнінен «Адамның дене мүшелері» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Ұстаздар күнделікті кері байланыс түрлері арқылы семинарда жүргізілген жұмыстар қорытындыланды.

Келесі күні №4 мектеп-лицей мұғалімі «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері», ал «Оқушы портфолиосы» тақырыбында №1 мектеп-гимназиясынан Ж.Альжанова қатысушылармен пікір алмасты, соңында №15 ЖОББМ Р.Т.Қазыбек математика пәні бойынша шеберлік сыныбын жүргізді. Қалған екі күнде қатысушылар «Формативті бағалау» бойынша №7 ЖОББМ бастауыш мұғалімі Н.Батырбекова тәжірибесімен танысса, шеберлік сыныбын С.Сейфуллин атындағы гимназиясынан Ф.Ғ.Усеинова және сауат ашудан №10 ЖОББМ мұғалімі А.А.Асанова көрсетті.

Соңғы күні «Оқыту мен оқудағы кедергілерді жою» мәселесі бойынша №19 ЖОББМ ұстазы Г.Т.Рахметова коучинг ұйымдастырса, қалалық білім бөлімінің әдіскері Қ.А.Жарылғапова «Критериалды бағалау» бойынша жұмыс жасау жолдарын қарастырды. Бұл күні шеберлік сыныбын көркем еңбектен Ж.Қ.Абуова №4 мектеп-лицей мұғалімі мен №16 ЖОББМ психологы Р.М.Жайымбай, № 7 ЖОББМ психологы М.Е.Қыдырмолдина «Бастауыш сынып мұғалімдеріне психологиялық талдау» тақырыбында психологиялық тренингтер жүргізумен аяқтады.

Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын ұстаздар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын талқыға салып, нақты жауап та алды.

Яғни ұстаздар қауымы алдында үлкен жауапкершілік, асқарлы міндет тұрғанын айқындап берді. Дегенмен, семинар барысында келтірілген мәліметтерге қанық болған семинарға қатысушылар ұйымшылдығымен «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» білетін бірлігі мен әдістемелік және практикалық әдіс алмасулар олардың шығармашылықтарын шыңдап, оқу үдерісі барысында пайдалануға негіз болып, нәтижесін берері анық.

О.А.Муханбетжанова, №16 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.