Home » Мақалалар » Қалауын тапсаң, қар жанар

Қалауын тапсаң, қар жанар

Тәрбие – тілден басталады, шынында халқымыз ана омырауынан ажырамаған кезден-ақ, бөбегіңді ана тілінің ақ уызымен ауыздандыра баста. Ана тілі – адамның ғұмыр бойы серігі, рухани қуаты, күрестегі құралы,-деген. Қазіргі кезде техниканың неше түрі отбасында бар. Сол себепті, көп жағдайда, балалар ұзақ уақыт жансыз техникамен бірге қалады. Ал, ол техника-машиналар сияқты қалай бұрсаң солай болады. Баланың миы белсенді қызмет жасау үшін қажетті тәрбие жағдайын қамтамасыз етуге жансыз нәрсенің (техниканың) күші жетпейді. Осыны білген ата-бабамыз: бесік жырымен бөбегінді тербете біл, ертегі айтып, естілікке үйрет, аңыз-әңгімелер айтып, елінің тарихымен таныстыр. Бүгінгі бөбекке қамқорлық жасаған адам ертеңгі күніне еңбек сіңіреді,-деген.

Ұлттық сананың ең негізгі белгісі – әр ұлттың тілі, өзін-өзі танып білуі, өзін өзге ұлттардан айыра білуі, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді бүкіл адамзаттың мақсаттары мен мүдделерін ұштастыра білуі. Ұлы Абай қазақтың өткенін жақсы білді. Өз заманының құбылыстарын терең түсінді. Ұлттық пиғыл, әдет-ғұрыпты «құлақтын кіріп бойды алар» психологиялық өлең жолдарымен өрнектеп, болашаққа жол сілтеді. Туған халқының болмыс-бітімін, психологиясын бейнелеп, «тайға таңба басылғандай» көрсете отырып, көкірек көзін ашуға бар күшін, өнерін жұмсады.

Ендеше, ауыз әдебиеті – әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін оны халық қалап, қастерлеу, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері – мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Шешендік сөз, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер – бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын ғаламат туындылар.

Халық педагогикасының бұл саласы ғасырлар бойы бала тәрбиесіне өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді. Қазақ халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен, терең мағыналы сөздермен зерделеп келе жатқан халық. Ауыздан шыққан мәтелдер мен мақалаларды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне  парықтап пайдалану дәстүрге айналған. Балғын ұрпақты баулу, тәрбиелеу – аға ұрпақтын мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа.

Қазақ халқы өз ұрпағын бесікке салғанннан бастап, оның ақыл-ой тәрбиесінің негізі – терең ойлау мен пайымдау екендігін ұрпаққа жан-жақты ұғындырған. Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды әрі математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді. Балалар бақшасында балдырғандарға санамақтардың сан алуан түрлерін үйретіп, оны айтқызу, санамақ шешімдерін дұрыс шешкендердің білімін бағалап, оларды мадақтай білу керек. Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік, ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасау – өмірлік тағлымы мол маңызды қағида

 

МУКЫШОВА Айгуль Тендыковна,
  Павлодар қаласы
Кенжекөл ауылының

№ 20 сәбилер бақшасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.