Home » Жаңалықтар » ҚАЛАМЫЗДА І АУЫЗША ПӘНДЕР ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

ҚАЛАМЫЗДА І АУЫЗША ПӘНДЕР ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Тілді тиянақты, әрі жүйелі түрде үйрету үшін мұғалімдер оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалана білуі қажет. Жаңа технологияны пайдаланудағы ең басты шарттарының бірі – осы технологиямен толық қаруланған мұғалім. Жаңа технологияны жақсы меңгеруі мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
5 сәуір 2018 жылы  Екібастұз қаласында І қалалық  Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту»  технологиясы бойынша «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ауызша олипиада өтті. Оған: 69 оқушы қатысып,  өз білімдерін көрсетті.
Қалалық олимпиада және аталмыш технология бойынша ашық сабақтар Абай Құнанбаев атындағыға №2  жалпы орта білім беретін мектепте ұйымдастырылды.
Астана қаласынан «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, Абай атындағы  Қазақ Мемлекеттік Университетінің профессоры, ҚР Кіші Ғылым Академиясының вице-президенті, педагогика ғылымдарының докторы Н.А. Оразахынова, Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясының тәжірибе алаңының жетекшісі Макулбекова Б.Ж., Білім технология журналының бас редакторы, филология ғылымының кандидаты Оспанов А.А. қатысып оқушыларымыздың жақсы нәтижелерімен танысты.
19 командадан бас жүлде мен бірінші орындарға ие болған командалар ағымдағы жылдың мамыр айында Алматы қаласында өтетін  XIII республикалық  «Тілім менің — тірлігімнің айғағы» атты  ауызша олимпиадада бақ сынамақ.
Олимпиадаға қатысатын оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Ташенова Қарлығаш Қырықбаевна,
Екібастұз қалалық
білім бөлімінің әдіскері,
П
авлодар облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.