Жангозин Ануар Қанатұлы, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының басшысы
Бүгінгі көрменің басты мақсаты, біздің қаламыздағы бар тәжірибені көрсету. Кейбір ата-аналар бізден сұрайды, біздің мектепте, балабақшада осындай нәрселер бар және олардың атқаратын жұмысы қандай деп қызығушылық білдіреді. Былтыр біз осындай кішігірім көрме ұйымдастырған кезде, ата-аналар келіп олардың балаларымен осындай жұмыстар атқарылып жатқанын білмегендігін айтты. Осындай көрме арқылы ата-анаға колледжде, мектепте, балабақшада балалар нақты қандай жұмыстармен айналысып отырғанын көрсетеміз. Қандай мәселе, инновация бар екенін таныстырамыз.
Тағы бір жобамыз ол «Эко-челлендж» деп аталады. Былтырғы оқу жылында өте жақсы деңгейде өтті. Оған көптеген колледж, мектеп, балабақша қатысты. Тағы бір қызықты жобамыз ол «Гидропоника» кез-келген жерде өсімдікті өсіріп, оны асханада пайдалануға болады. Жалпы бізде қазір балаға білім мен тәрбие ғана емес, өмірлік бағыт беру, сыни көзқарас, креативті ойлауды дамыту мақсатымыз. Қазір бәрі технология, бірақ біз баланы дамыта отырып жазудан, сызудан алыс кетпейміз. Өйткені ол басты дағдылар. Әрине, бастауыш сыныпта жазу мен сызу жақсы дамытылады. Содан кейін жоғары сыныптарда бүгінгі көрмеде көрген балалардың еңбектері инженерия, гуманитарлық пәндерде пайдаланыла береді.
Сәния СҮЛЕЙМЕН,
Нұр-Сұлтан қаласы