Home » Мақалалар » Қалалық семинар. Жүрек тербер әке мен бала арасы…

Қалалық семинар. Жүрек тербер әке мен бала арасы…

            15 ақпан күні қаладағы №18 «Аяжан» балабақшасында өткен «Балабақша мен ата-ана арасындағы педагогикалық ынтымақтастық» тақырыбындағы семинарды осылай атауымыздың өзінде үлкен сыр жатыр. Балабақшаны айтпағанда баласы мектеп табалдырығын аттап, үлкен өмірге қанат қаққанға дейін мектеп есігін ашпайтын әкелердің қатары көп екені жасырын емес. Білім басқармасы мамандарымен, мектеп, балабақша меңгерушілері, «НұрОтан» ХДП өкілі, ата-аналарға балабақшада ашылған әкелермен аналар мектебінің төраға, төрайымдары өз жұмыстары, жоспарлары жайлы таныстырып өтті.

Ірге тасы қаланғанына 52 жыл болған 200 орындық балабақшаның меңгерушісі Әсел Мұхаметжанова кіріпе сөзінде мектептің тыныс-тіршілігі жайлы, балабақша әдіскері Гүлмира Сәрсенбаева «Балабақша мен ата-ана — баланың біртұтас даму ортасы» атты тақырыпта дайындалған бейне көрнісін көрсетті. Отбасы жағдайында жеке тұлғаны қалыптастыру, балабақшада дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды мақсат еткен семинардың міндеті — Астана қаласы мектепке дейінгі ұйымдарындағы кластер бойынша жұмыстарды іске асыру, ата-анамен тығыз байланыс жүргізудің тиімді жолдарын анықтау.

Бұл күні   қатысушылар арасында әкелер қатары көп болды. Әкелер мектебі қазақтың ұлттық ойыны асық ату мен қамшы түрлерін көрсетіп, шеберлік сабақтарын өткізсе, аналар іс тігумен қоса қолдан көз тартар әсем дүниелер жасауды әдетке айналдырған. Елінің келешек саналы ұрпағын тәрбиелеу жолында өз баламызбен қоса өзгенің ұрпағына да білгенімізді үйретіп, тәрбиешілермен тығыз байланыста боламын деген ана-аналар Шынар Ошақбаева, Румия Алимбекова, Нұрмаш Нығметовтар балабақша ұжымына алғыстарын білдірсе, Қанат Сембеков әкелер мектебі атынан әннен шашу шашты. Балабақша тәрбиеленушілері Айару Жұмағали мен «Ёлочка» музыкалық аспаптарда өйнаған өнерлі бүлдіршіндердің өнері, «Тәуелсіздік таңы» атты хор жиналғандарға тамаша көңіл күй сыйлады.

«Профи Медиа» кәсіптік даярлау және біліктілік арттыру оқыту-әдістемелік орталығының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Ақжарқын Бәделқызы бүгінде Астана қаласында 100 жақын мемлекеттік, 200-ге жуық жекеменшік балабақшада бүлдіршіндеріміз тәрбиеленіп жатқанын айта келе, бүгінгі балабақша ұжымының ата-аналармен жұмыс жасау жолдары басқаларға үлгі екенін жеткізді. Басқа да семинарға қатысушылар өздерінің жылы лебізін білдіріп ұжым мүшелерінің еңбегіне жеміс тіледі.

Әлия ҒАЛЫМБЕК,
Астана қаласы  

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.