Home » Жаңалықтар » Қалалық «Математикалық регата» сайысы Жаңаөзен қаласында өтті

Қалалық «Математикалық регата» сайысы Жаңаөзен қаласында өтті

2016/2017 оқу жылы Жаңаөзен қаласындағы №9 орта мектебінде мұғалімдер арасында қалалық «Математикалық регата» сайысының кезекті сайысы өтті. Бұл байқау қаламызда төртінші жылы өткізілуде. Байқаудың мақсаты математика мұғалімдерінің білімін, біліктілігін, сайысқа қатысу қызығушылығын арттыру болып табылады. Бұған дейінгі өтілген сайыстарда логикалық есептердің шығарылу жолдарын көрсетіп шешу болса, ағымдағы жылда олимпиадалық есептер қарастырылған. Мұндай есептерді шешу мұғалімдердің көп ізденуіне өз септігін тигізеді. Биылғы №9 орта мектепте болып өткен кезекті сайыс өте қызықты және тартысты өтіп, қазылар алқасының мұғалімдердің есепті шығару қабілеттеріне қанағаттанбауына байланысты жүлделі І орынға ие болған мектептер болмады. №15 орта мектебі ІІ орынға, №2, №8, №17 орта мектептер ІІІ орынға, ал №21, №9 орта мектептер ІV орынға ие болды. Мұғалімдер арасында бұндай сайыстардың көп болуы мұғалімдердің көп ізденуіне өз септігін тигізіп қана қоймай, білімдерін әлі де шыңдайтыны сөзсіз.

Ш.О. Сугирова

Жаңаөзен қаласы,

№9 орта мектептің

математика пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.