Жақсылық қылсаң балаға,
Бір қайырымын аларсың.
Адамгершілік танытып,
Дұрыс жолға саларсың.
Қолыңда барда көмек ет,
Тарыққан жанға ағайын.
Қол ұшын бер, демеу ет,
Алладан болсын сауабы — деп дана халқымыз айтқандай, қазақтың аса жақсы қасиеттерінің асылы қайырымдылық, жомарттық, мейірбандық, кеңпейілділік. Сондай жомарттық іс «Қызылқұм» жалпы орта мектебінде кең ауқымда республикалық қамқорлық акциясы аясында «Жомарт жүрек» атты бір айлық іс-шара болып өтті. Өтілген шара негізінде балаларға мейірім сыйла атты ұранымен қаңтар ақпан аралығында қамқорлық акциясы өткізілді. Ал акцияның алға қойған мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына мейірім сыйлай білетін жандардың айтулы шараға ат салысуы. «Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің» атты көнцерттік шара ұйымдастырылып, сахналық қойылым қойылды.Үміт үйі туралы, әке –ана туралы монологтар оқылды.Кешке ауыл азаматтары, әкімшілік қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері қатысып 28 оқушыға киім кешек, 8 отбасыға азық түлікпен қамтамасыз етілді.
«Еркеназ» би тобына қатысатын 6 қызбалаға ұлттық киім тіктірілді. Жалпы 42 оқушыға демеушілік көрсетілді. «Қамқорлық-көмек» қажет жандарға берілетін сүйіспеншілік пен көмек болып табылады. Бұл ізгіліктің белгісі деп білемін. Қамқорлық жасаушы адамның жүрегі кең, пейілі таза болады. Қамқорлық адамның өзгелерге деген ыстық ықыласын білдіреді. Әрдайым бір бірімізге көмектесіп, көмекке мұқтаж жандарға қол үшін соза берейік. Жақсылық жасау қолыңнан келсе, қуаныш сыйлауға мүмкіншілік жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа.Бұл шараға ата-аналармен қонақтар дән ризалықтарын білдірді. Бізге демеушілік көрсеткен алтын жүрек жандарға үлкен алғысымызды айтып, жұмыста табысты болуларына тілектестігімізді айтамыз.
Сейданова Жанат Батырбайқызы,
Жәдігер Нұрлықыз
Түркістан облысы, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылы
Қызылқұм жалпы орта мектебі
Әлеуметтік педагогтар