Балалардан қамқорлығымызды аямау, оларды аялай білу мақсатында Екібастұз қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп мекемесінде Қамқоршылар күніне орай 5-9 сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге әрбір сынып, әрбір оқушы бар жауапкершіліктерімен дайындалған: түрлі тағамдар, қол өнерлер дайындап, үйлестіріп сатылымға қойылды. Іс-шараға жауапкершілікпен қатысқан әр баланың бойынан қамқорсыз қалған балаларға деген өздерінің аялы алақандарын, жан жұлуларын, мейірімділік шапағатын шашып тұрғандай болды. Бұл дегеніміз біздің жарқын болашағымыздың бір рухани тәрбиелілігі. Адам жанына жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Осы іс-шара мектебімізде дәстүрге ұласып, өз орнын әлі де тауып жатса нұр үстіне нұр болар еді.
М.К. Досжанова,
Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп
Өзін-өзі тану мұғалімі,
Павлодар облысы
Екібастұз қаласы