Білім беру саласы: Таным
Оқу іс – әрекеті: Математика
Тақырыбы: Қайталау
Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту, 20 – ға дейінгі сандардын ретін бекіту, геометриялық фигуралар туралы түсініктерін кеңейту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ қою, жауап алу, мадақтау.
Қолданылатын көрнекіліктер: көктем құсы, бұлттар, тамшылар, күн. Кемпірқосақ, биік шыңның суреті, жалаушалар, геометриялық фигуралар, әліппе – дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мен кішкентай баламын
Айтқан тілді аламын
Оқу оқып, білім ап,
Кілең бестік аламын.
Бүгінгі күн сіздермен
Сәлемдесіп аламын.
Ашық болсын Күніміз
Жарқын болсын жүзіміз!