- Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар: А)қандауырша; В)қосмекенділер; С)жорғалаушылар; Д)құстар; Е)сүтқоректілер.
- Бақа бас миының балықтарға қарағанда нашар дамыған бөлімі: А)алдыңғы ми; В)аралық ми; С)ортаңғы ми; Д)сопақша ми; Е)мишық.
- Бақаның дернәсілдік сатысына тән мүшелер. А)үш бөлімді жүрек; В)өкпе; С)бүйір сызық; Д)омыртқа; Е)қанат
- Бақаның жамбас белдеуі … құралады: А)бұғана сүйектерінен; В)жамбас сүйектерінен; С)қарға сүйектерінен; Д)жауырын сүйектерінен; Е)ортан жіліктен.
- Бақаның клоакасына жол ашылатын мүше: А)қуығы; В)бауырдың жолы; С)ұйқы безінің жолы; Д)сілекей безінің жолы; Е)жыныс безінің жолы.
- Бақаның қанайналымы … шеңберлі. А)1; В)2; С)3; Д)4; Е)5.
- Бақаның омыртқа жотасына тығыз жабысқан сүйектер. А)маңдай сүйектер; В)жамбас сүйектер; С)бұғана сүйектер; Д)төс сүйектер; Е)қабырға сүйектер.
- Бақаның үлкен қанайналым шеңбері басталатын жүрек бөлімі. А)сол жақ құлақша; В)қарынша; С)оң жақ құлақша; Д)қолқа; Е)сол жақ қарынша.
- Қосмекенділер … көбейеді. А)жұмыртқаларын пілдеге салу арқылы; В)уылдырық шашу арқыры; С)тірі туу арқылы; Д)жұмыртқа салу арқылы; Е)пілдеде даму арқылы.
- Қосмекенділер- жартылай суда, жартылай құрлықта тіршілік ететін омыртқалылар болғандықтан, олар … тыныс алады. А)желбезекпен; В)өкпемен; С)өкпе және ауа қапшығымен; Д) өкпе және ылғал терімен; Е)тек ылғал терімен.
- Қосмекенділердің ата-тегі болып есептелген балықтар. А)шеміршекті; В)қостыныстылар; С)сүйекті; Д)саусаққанаттылар; Е)сүйекті-шеміршекті.
- Қосмекенділердің құрлыққа шығуына байланысты пайда болған мүше. А)бас сүйек және омыртқа; В)жақсы дамымаған аяқтар; С)қабақ және дабыл жарғақтары; Д)көз және танау тесігі; дәм және иіс сезімі.
- Құйрықты қосмекенділер отрядына ... жатады. А)құрбақа; В)бақбақыл) С)тарбақа; Д)тритон; Е)қызылқұрсақ жайынауыз.
- Құрылысы жағынан жорғалаушылардың жүрегінің қосмекенділердің. А)жүрегі екі құлақшадан тұрады; В) жүрегі екі қарыншадан тұрады; С)жүрек қарыншасында жартылай перде болады; Д)жүрегі бір құлақшадан тұрады; Е)бір жүрекше, бір қарынша болады.
- Саусаққанатты балықтардан шыққан қосмекенділер. А)ертедегі құйрықты қосмекенділер; В) ертедегі құйрықсыз қосмекенділер; С) ертедегі құрбақа; Д) жыртқыш тісті кесірткелер; Е) тиранозаврлар.
- Бақа жүрегінің оң жақ құлақшасында болатын қан. А)аралас; В)көктамыр; С)салатамыр; Д)лимфа; Е)оттегіне қаныққан.
- Бақаның дернәсілі – итшабақтың тыныс алу мүшесі. А)тері; В)желбезек; С)өкпе; Д)дем түтік; Е)мұрын қуысы.
- Бақа жүрегінің бөліктерінің саны. А)1; В)2; С)3; Д)4; Е)5.
- Бақаның кіші қанайналым шеңберімен байланысқан мүше. А)қарын; В)ми; С)бауыр; Д)өкпе; Е)көру мүшелері.
- Бақаның жақсы жетілген бұлшық еттері: А)бас сүйек бұлшық еттері; В)аяқтарының бұлшық еттері; С) құйрық бұлшық еттері; Д)желбезек қақпақшаларының бұлшық еттері; Е) мойын бұлшық еттері.
1-в; 2-е; 3-с; 4-в; 5-а; 6-в; 7-в; 8-в; 9-в; 10-д; 11-д; 12-с; 13-д; 14-а; 15-а; 16-в; 17-в; 18-с; 19-д; 20-в
Тулегенова Г.С.
Рудный қаласы, №19 орта мектебі