«Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 27 жылы »
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушыларға тәуелсіздіктің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру, патриоттық сезімге баулу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:
- Желтоқсан көтерілісіне қатысқан халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың, Е.Спатаевтың, С.Мұхамеджанова сияқты қазақ жастарының суреттері.
- Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
- Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі:
Мағжан Жұмабаев
Мен сенемін жастарға,
Алаш отын аспанға.
Шығарар ол бір таңда
Мен жастарға сенемін.
Бір минуттық үнсіздік.
…1986 жыл желтоқсан айының 16 күні болған көтеріліс Қазақстанға Колбиннің жіберілуімен байланысты.16 желтоқсан күні Қазақстанның бірінші басшылығына Колбиннің тағайындалғанын естігенен соң, Алматыдағы театр және көркемсурет институтының 6 студенті қаладағы жоғары оқу орындарының 12 жатақханасын аралап,17 желтоқсан күні таңертең үкімет үйінің алдындағы алаңға шығуға шақырған.Олар түнімен транспаранттар жазып дайындаған.300-жуық адам сағат 11 шамасында алаңнан кетіп, қала көшелерін аралады да мыңдаған адам болып алаңға оралады.Түске қарай қызметтегі барлық қызметкерлер жұмыстарын тастап алаңдағы халыққа қосылады.Үкімет шешіміне наразылар, кеудесінде ұлттық намысы, оты бар азаматтар ешкімнің үгітінсіз-ақ алаңға қарай ағылады.Осы көтерілісте Ш.Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным” әні орындалады.
1-оқушы:
Қаз дауысты Қазбек.
Қазақ деген халық, мал баққан елміз,
Жерімізді жау баспасын,
Елімізден құт қашпасын деп
Найзамызға үкі таққан елміз.
Бірақ басымыздан намысты
Асырмаған елміз,
Әкенің айтатын өсиетін балаға,
Баланың беретін антын анаға,
Арымнан жаным садаға.
…Небәрі жиырма бір жас жасап, жасындай қысқа ғұмыр кешіп, ұлттық батырымызға айналған Қайрат Рысқұлбеков солардың қатарында ерекше орында.Ол – мойынқұмдықтардың, Жамбыл облысының ғана емес,бүкіл республикамыздың мақтанышы.
Туған ауылы Көктеректе Қ.Рысқұлбековқа ескерткіш ашыларда ақын М.Шахановтың сөзінен мына жолдарды қайталағым келеді.
2-оқушы:
Жігеріңмен көктеп өтіп,
Ұлт мүдесін шекпен етіп,
Төбең бір сәт көкке жетіп,
Өз өлкеңе ескерткіш боп,
Оралдың ба айдарлым?!
Қиын сәтте жалау еткен
Намысын,
Бағың жансын, қайсар ұлым,
Жанын қиған ар үшін.
Алматыға Ноғайбайдың ұлы боп
Аттанып,
Бар қазақтың мақтаны боп
Қайта оралған арысым.
Ескерткіш түбіне тамған жас немесе “Жігіттер, үш күн шыдайық.Үш күн ішінде біздің дауысымыз Біріккен ҰлттарҰйымына жетеді” деген марқасқа еді ғой Қайрат. Қайраттың інісі Рашидтың тұлымы желбіреген қаршадай қызы Кәмшат ескерткіштің түбіне келіп қаһарман ағасының өлеңін:
3-оқушы:
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа секірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден
Алатаудай бабалар.
Аруағыңмен жебей гөр!
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
“Еркек тоқты — құрбандық”
Атам десең атыңдар.
Деп, бозторғайдай шырылдап тұрып оқығаны… Ескерткішті алқа – қотан қоршаған жұрттың жүректері езіліп жүре берді…
Иә, Қайраттың қазақы үні өркениеттің құлағына дәл сол күндері жетпесе де кейін дүние жүзін шарлап кете барды.Варшавалық бауырлар КСРО Жоғарғы Кеңесіне Үндеу жолдады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 23.04.1988 жылы Қ.Рысқұлбековке кешірім жасап, ату жазасын 20 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырады.Бірақ саясат жендеттері жаландаған пышағын қойнына жасырып қалған екен. Өлеңі өрт, сөзі серт жас қазақтан қауіптенген олар есіл ерді қапияда қыршынынан қиып тынады.
Қайрат мына өлеңінде:
4-оқушы:
Хош болыңдар ағайын – туыс бәрің де
Хош болыңдар, жасыңыз да кәрің де,
Қараңғылық баста тұрмас Қашанда,
Бостандықта кездесеміз әлі де …
Желтоқсан батырына деген құрмет ешқашан ортайған емес.Оған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қол қойған Жарлықпен Халық Қаһарманының жоғарғы атағы берілді.
Кезінде дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан көтерілісі әлем жұртшылығы тарапынан әміршіл – әкімшіл, тоталитарлық жүйеге қарсы бағытталған тұңғыш демократиялық қозғалыс деген жоғарғы баға алғанын баршамыз білеміз. Қазақ жастарының көтерілісі қазақ жұртын әлемге әйгіледі, бодандықтан құтылуға ұмтылған елдер көбейіп, көп ұзамай қуатты империя тасталқан болып, егемен мемлекеттер пайда болды.
Міне содан бері 27 жыл! (әнұран орындалады)
Әдеби- музыкалық монтаж
5-оқушы:
Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды.
Ән “Қара бауыр қасқалдақ”
Сөзі:Е.Раушанов
Әні:І.Оспанов
6-оқушы:
Хандардың қайталама қателерін,
“Ұлт бол”деген нығайтып қатарларын
Мағжан менМұхтар, Жүсіпбектің,
Ұмытпа ешқашанда баталарын.
7-оқушы:
Төле би
Уа, халқым, сөз қадірін білесің
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшы болмаса, ел жетім.
8-оқушы
Әйтеке би
Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң,
Көңілің ашылады.
Кекшіл болма.
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма – Өркеніңді өшіресің.
9-оқушы:
Отан туралы. М.Мақатаев
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған ”Отан” деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан,Отан
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем …
Ән “Елім менің” Хор
Мақал – мәтелдердің (тәуелсіздік туралы) мағынасын ашу.
“Азат елдің аспаны ашық ”
“Егемен елдің еңсесі биік”
“Тәуелсіздік туы — асқақ”
“ Егеменді ел көрікті,
Бетегелі бел көрікті”
Қорытынды:
1.Шығармашылық тапсырма
I топ II топ
Қ.Рысқұлбековқа бес жол Қ.Рысқұлбековқа мінездеме беру.
өлең шығару.
2.Оқушылардың өз сыныптастары алдындағы анты.
(мысалы: Отанымды сүйіп өтемін, қорғаймын, т.с.с.)
3.Мұғалімдер мен ата – аналардың тілегі.
Оразаева Гулзат Илиясовна,
Талғар қаласы
№1 И.Ф Халипов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.