Home » Мақалалар » ҚазҰУ-ға 85 жыл толды

ҚазҰУ-ға 85 жыл толды


Еліміздегі екі құлақты елең еткізетін зәулім оқу-орын– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Бүгінде қара шаңырақтың құрылғанына 85 жыл толды. Өткенге көз жүгірте өтейік,1934 жылдың 15 қаңтары университет ресми ашылған еді. Дәл сол алғашқы студенттерді қабылдау басталды. Университет құрылғаннан кейін-ақ,елімізде жетекші рөл атқарып келетіні бәрімізге мәлім.

ҚазҰУ- халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орны бар. Бұл аталмыш оқу-орнында оқу маған да үлкен мақтаныш. Бүгінде жоғары білім ордамыз-көшбасшы рөл атқарады және алдыңғы қатарда.

ҚазҰУ – сапалы білім берумен қатар, мықты мамандар дайындауда. Кез-келген жоғары шенеулік жоғары білімді осы жерден алған десем қателеспеймін. Мұнда 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары қызмет етеді. Университетте 25 мыңнан астам студент пен көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша магистранттар білім алуда. Сонымен қатар заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әлемнің ең ірі 400-ден аса халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан.

— Қазіргі кезеңде ҚазҰУ-дың басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті алға қойған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге өз үлесін қосу және әлемнің ең үздік 200 университетінің санатына ену, — дейді университет ректоры  Ғ.Мұтанов «Биік асулар жолында» атты мақаласында. Қара шаңырақ оқу ордасы бүгінгі заман талабына жабдықталған бірден-бір оқу ордаларының бірі. Спорт, мәдениет, қоғамдық шаралар, ғылым, білім беру және инновациялық өндіріс интеграциясы бойынша алдыңғы қатарда десек дұрыс айтқанымыз. 85 жылдық мерейтой қарсаңында университетте үлкен іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жайында да Қазақ ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Ғ.М. Мұтанов өз мақаласында айтып өтті.

— Мерейтойлық жыл ҚазҰУ үшін халықаралық ауқымдағы маңызды оқиғаларға толы болады.Себебі, 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары деңгейдегі әлемдік үш маңызды ірі іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр. Бұл тек ҚазҰУ-нің ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің әлемдік биік көрсеткішін көрсетеді.
Құрметі мектеп түлегі, сенде талайларды таңдантырған, талайларды танытқан ҚазҰУ студенті атан! ҚазҰУ – сен үшін — тиімді таңдау!Арманыңның жолында — ашық жол, мақсатыңның жолында — жарқын болашақ бола алады.

Г.Қайрақбаева,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шет тілдер кафедрасының оқытушысы,
Сатан Ақерке
қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенті

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.