Home » Ашық сабақтар » ҚАЗІРГІ ШАҚПЕН БОЛАШАҚТЫҢ АРАСЫ БІР СӘТ-ҰБТ

ҚАЗІРГІ ШАҚПЕН БОЛАШАҚТЫҢ АРАСЫ БІР СӘТ-ҰБТ

Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ десек,  Президент жыл сайын  Қазақстан халқына жолдаған  Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше басымдықтар беріп,  «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының негізі» екендігін атап көрсетеді.

Сапа – оқушының тынымсыз еңбегінің,  ал  ізденісі, жүйелі жұмысының  нәтижесі екені сөзсіз. Осы сапа көрсеткіші  ҰБТ  қорытындысымен бағаланады. Жыл сайын мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Әр тестілеу сайын мыңдаған ата-ана мен ұстаз бұл айрықша емтиханның нәтижесі қалай болар екен деп қобалжиды. ҰБТ — мектептің, мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың оқу кезеңінде атқарған күллі қызметіне баға беретін өзіндік бір ерекше шара болып табылады. Бұл баға мектеп үшін де, ата-ана үшін де, оқушылар үшін де оңды болуы үшін белгілі бір дәрежеде күш-қуат жұмсау қажет болады.

ҰБТ-ның мақсаты мен міндеттерін басшылыққа алған Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатының ұжымы оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда жан-жақты жұмыстар жүргізуде. Солардың бірі – оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау шаралары. Тестті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ, осындай психологиялық білім өте пайдалы. Психологиялық білім тестке дайындау тиімділігін арттырып, тест кезінде тапсырушының өзін ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймай, ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде жұмысқа жұмылдыруға, эмоцияларын қолға алуға көмектеседі. Осыған орай 11 сынып оқушылары арасында тест тапсыру процесін психологиялық дайындықпен қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның үш кезеңі атап өтілді. Мысалы, тестке дайындық, тест алдындағы оқу материалдарын зерделеу, баланың тест алдындағы мінез-құлқы мен нақты тест кезіндегі мінез-құлқы туралы тренингтер өткізілді.

Мен осы жерде мынандай психологиялық қызметтiң мiндеттерiн атағым келеді:

– психологиялық және әлеуметтiк-психологиялық тұрғыдан қиындық көрiп жүрген балалардың мәселелерін (проблемаларын) анықтап, оларға дер кезiнде көмек көрсету;

– Проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебiн анықтау және түзету, дамыту жұмыстарын жүргiзу;

– Психологиялық қасиеттерiн зерттей отырып, психологиялық тренингтер ұйымдастыру.

Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға төмендегідей кеңес берер едім:

1.Баланың ҰБТ-ға барар алдындағы алдын-ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайдылықпен, салғырттықпен қарамай, дұрыс ақыл-кеңес беріп отыруға тырысу;

  1. Баланың үйде күнделікті ҰБТ-ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдай жасау;
  2. Әр ата-ана баланың көңіл-күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отыру;

4.Әр ата-ана баласының алдағы уақытта ҰБТ тапсыруда жетістікке жететініне үнемі сенім арту;

  1. Баланың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс-жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліп және оны үнемі қамтамасыз ету;
  2. Ата-ана балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпай, дұрыс демалуын қадағалағаны дұрыс;
  3. Ата-ана ешқашан баланы сынап-мінемегені дұрыс. Ақырындап ақылмен ұғындырып, сабырлы болуға шақырғаны жөн.

Тек, осылай бірлесе атқарған іс-әрекет түбінде оң нәтиже беріп, биік көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Г. Абдукамалова,
Е. Әуелбеков атындағы дарынды балаларға
арналған №4 облыстық мектеп- интернатының
педагог-психологі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.