Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тілінің қолданыс аясы күннен-күнге артқан сайын оған деген ғылыми қажеттілік те өсіп келеді.Қазақт тілін қоғамдық және ғылыми салада қолдану мен дамытуға барынша жағдай жасалып,оның жан-жақты әлеуметтік –коммуникативтік рөлін арттыру өмір талабына айналып отыр.Қазақ тілін дамыту бағыты оның мемлекеттік мәртебесін іске асыру қажеттілігімен айқындалады.Бұл бағытта іске асырылып жатқан шаралар жеткілікті.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің осы бағытта айтылған «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде» деген ұраны жаңа белестерге жетелейді. Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін. Жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті,шығармашылықпен ой-толғай білетін, оқу арқылы өзінің ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыта алатын жеке тұлға еліміздің дамуы үшін ауадай қажет.Оқушы шығармашылығын дамыту үрдісін сынып жетекші жаңаша ұйымдастыру арқылы іске асырады. Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.
Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.
Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Сол әдісті технологиядан ажырата білуіміз керек. Әдіс дегеніміз- мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі. Ал технология дегеніміз- көптеген әдістердің жиынтығы. Алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалім қай әдісті және қалай қолдану керектігін алдын-ала жоспарлап отыруы керек. Біз өз іс – тәжірбиемізде педогогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту жүйесіне», Н. Оразқынованың сатылай кешенді талдау, Инперактивтік- модульдік оқыту технологияларын Зенковтың «оқыту технологияларын» «Сын тұрғысынан ойлауды» дамыту технологиясына сүйеніп сабақ өткіземіз. Олардың әрқайсысының мақсаты, ерекшелігі, талаптары, тәрбиелік мәні ашып көрсетілген.
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде жүзеге асырылып жүрген әлемінің он сегіз елінде сынақтан өткен «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы Қазақстанда бұл технология 1997 жылдан бастап етек жая бастады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңымен қатар 2020 жылға дейінгі еліміздің білім жүйесінің барлық мәселелерін реттеуге арналған Мемлекеттік бағдарламаның басты бағыттарының бірі – педагог мәртебесі болып табылады.Яғни, бұл құжат бойынша педагогтардың мәртебесін моральдық және материалдық тұрғыдан жетілдіру қолға алынды. Осы бағыттағы басты жұмыстардың бірі – педагогтардың біліктілігін Кембридж университеті білім беру факультеті мамандары мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» басқармасы бірлесе отырып дайындаған бағдарлама негізінде жетілдіру.
Сындарлы оқытудың мақсаты — оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Сын тұрғысынaн ойлay – Қaзaқстaндaғы білім бeрyді дaмытy үшін мaңызды болып тaбылaтын қaзіргі eң бaсты пeдaгогикaлық түсінік. Бұл модyль оқyшылaрдың дa, мұғaлімдeрдің дe сын тұрғысынaн ойлayды дaмытyды сaнaлы жәнe оймeн қaбылдayын көздeйді.
Жaлпы сын тұрғысынaн ойлaйтын оқyшылaр бeлсeнді болaды, олaр сұрaқ қойып, дәлeлдeрді тaлдaйды, мaғынaны aнықтay үшін сaнaлы түрдe стрaтeгиялaр қолдaнaды; олaр ayызшa, жaзбaшa, көзбeн шолy дәлeлдeрінe сeнімсіздікпeн қaрaй отырып, eштeңeгe сeнбeйді, мұндaй aдaмдaр жaңaшыл идeялaр мeн кeлeшeккe aшық болaды.
Сын тұрғысынaн ойлay әдісі 2-дeңгeй бaғдaрлaмaсының жeті модyлімeн тығыз бaйлaнысты. Жeті модyльдің әрқaйсысын жeкe-жeкe aлып қaрaсaқ, бaрлығы дa сын тұрғысынaн ойлay әдісі aрқылы жүзeгe aсырылaды.
Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды,ол білім бағдарламасының оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталуы тек оқушылар үшін ғана емес,қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болатынын мойындады. Эдвaрд Глeйзeр (1941) сын тұрғысынaн ойлay қaбілeттілігі үш элeмeнттeн тұрaтындығын болжaп бeрді:
1.Проблeмaлaр мeн мәсeлeлeрді шeшy кeзіндe өзінің тәжрибeсін қaлыптaстырy өрісінe кірeтін ойлay үдeрісін жүзeгe aсырy.
- Логикaлық зeрттey мeн ой жүгіртy әдістeрін білy.
3.Бaлaлaр мeн eрeсeктeрдің сыни тұрғыдaн ойлayын дaмытyғa, проблeмaлaрды зeрдeлey жәнe шeшімдeрді жeкeлeй нeмeсe топтaрдa қaбылдayғa бaғыттaлғaн зaмaнayи білім бeрy бaғдaрлaмaсы aтaлғaн үш нeгізгі элeмeнткe сүйeнeді.Сонымен қатар сын тұрғысынан ойлау «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауды» қамтиды деп пайымдайды.Сын тұрғысынан ойлау –өз ойын бағалау ниетінің болуы және оны істей білу,ол кез келген субьект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл ашық дәйекті талдау жасауға қабілетті, білімқұмар,өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауда парасатты болу ниетін дамытуды көздейді.
Бaғдaрлaмaның осы нeгізгі идeясын бaсшылыққa aлa отырып, мeн өзім өткізіп жүргeн сaбaқтaрдa кeлeсі мaқсaттaрды көздeдім:
-оқушылардың қазақ тілі пәнінен логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру
— оқyшылaрдың қазақ тілі пәнінeн сыни ойлay қaбілeтін жeтілдірy;
— сұрaқ қою, диaлог aрқылы сыни ойлауын дамыту;
— бaсқaлaрдың идeялaрын сыни бaғaлaй білy дaғдылaрын қaлыптaстырy;
— оқyшылaрдың өз пікірін дәлeлмeн тұжырымдaй aлyғa дaғдылaндырy;
— жeті модyль мәнмәтініндeгі әдіс-тәсілдeр aрқылы сыни ойлayын дaмытy.
Қазақтілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қазіргі күні жиі қолданылыпжүрген әдістердің бірі – стратегиялар. Оларды атап өтетін болсақ:
- «Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миғашабуыл») стратегиясы
- «Топтастыру» (Жинақтауәдісі) стратегиясы
- «Шығармашылық» стратегиясы
- «Кубизм» стратегиясы
- «Мағынанытану» стратегиясы
- «Ойтолғаныс» стратегиясы
- «Әуезбенәсерлеу» стратегиясы
- «Көрнекілік» стратегиясы
- «Бағытталғаноқу» стратегиясы
Жоғарыда көрсетілген әр стратегияға тоқталар болсақ, «Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миғашабуыл») стратегиясы — сабақ барысында оқушының есте сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқау үшін арналған стратегия. Мысалы, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, афоризмдер,өлең шумақтарын еске түсіру. Не болмаса, сұрақтар мен тапсырмалар дайындату, сөзжұмбақтар шешу.
«Топтастыру» стратегиясы, мұны «кластер», «жинақтау әдісі», т.б. атаулармен де атайды, Бұл стратегияны көбіне білімді жинақтау кезеңінде немесе , екі ұқсас бейнелердің ортақ қасиеттерін анықтауда (Ана, Күн) Мұғалімнің әдістемелік тәжірибесіне қарай түрлендіріп қолдануға тиімді тәсілдердің бірі десек те болады. Себебі бұл стратегия сонау балабақшадан кележатқан әдіс түрі. Осы «топтастыру» стратегиясына негізделген «Ассоциация» атты тәсіл оқушының танымын кеңейтуде үлесі зор.
«Шығармашылық» стратегиясы, бұл стратегия оқушының шығармашылыққа, түрлі формада жұмыс істей білуге баулиды.Сабақ барысында рөлдік ойындар көрсету, сөзжұмбақ немесе сұрақ-тапсырмалар құрастыру, тақырыпқа байланысты сурет салу, т.б. тәсілдерді пайдаланыпсабақты қызықты етіп өткізуге болады
«Кубизм» стратегиясы, бұл стратегия шаршы яғни кубтың әр қырына түрлі тапсырмалар беріліп, сол тапсырмаларды орындауды міндеттейді. Мұнда кубтың әр қырына «Түсіндіріңіз», «Суреттеңіз», «Зерттеңіз», «Талдаңыз», «Қолданыңыз», «Салыстырыңыз» деген сияқты жұмыс атаулары жазылады, ал мұғалім осы тапсырмалардың мән-мазмұнын ашып айтады, әрі жауаптардың қате немесе дұрысын қадағалап отырады. Қосымша түсініктемелер де беріп отыруына да болады.
«Көрнекілік» стратегиясы, өз аты айтып тұрғандай, мұнда түрлі көрнекі құралдарды тақырыпқа сай қолданылады. Олар: кеспеқағаздар, перфокарталар, семантикалық карталар, схемалар, кестелер, түрлі тест мәтіндері, т.б. Қорыта айтқанда, оқыту үдерісінің нәтижелі болуы бірлескен іс-әрекет арқылы жаңа технология әдістерін қолдана отырып сабақты қызықты өткізу, сабақта, сабақтан тыс уақытта оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасау, бағыт-бағдар беру жағдайында табысты болмақ.