Қазіргі таңда білім саласында өзгеріс енгізілуде. Бүгінде Республика бойынша білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім кеңестігіне өтуге бағыт алуда. Еліміздің білім беру саласындағы болып жатқан оң өзгерістер мектептердегі басқару ісі мен оқыту үдірістерін жаңа бағытта ұйымдастыруға негізделіп отыр. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында «2020 жылға қарай Қазақстан –білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік –мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс» деп көрсетілген. Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру-мектептің әдістемелік жұмысының негізгі саласы. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп, нақты жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие үрдісінің сапасы мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерінің артуына септігін тигізеді. Әдістемелік жұмыс – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық, бақылау жасау жұмыстары жатады. Биылғы оқу жылында мектебімізде ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету үшін келесі әдістемелік және педагогикалық кеңес тақырыптары жоспарланған: «Білім мазмұнын жаңарту үдерісінде оқушылардың оқу іс-әрекетін жетілдірудің теориялық негіздері мен практикалық әдістері», «Сабақ мәдениетін дамыту», «Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қазіргі заман талаптарына сәйкес білім сапасын жақсарту факторы ретінде дамыту», «Білім беру мазмұнын жаңартудың мақсаты мен нәтижесі ретінде оқушылардың жеке өсуі» т.б. Мектепте әдістемелік жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыру басты міндет болса, мақсатымыз-білім беру үрдісіндегі негізгі мәселелер мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, инновациялық әдістерін тиімді пайдалану, ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін көтеру, озат тәжірибені жинақтау, білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету. Білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі- сабақтың тиімділігін арттыру болып табылады. Ал бүгінгі сабақтың өзегі, ол балалардың алатын білімі дамыған дарынды балаларды қалыптастыру, жас жеткіншектердің дамуына жеке дамуына, қызығушылығы мен икем-қабілетін, дарындылығын арттыруға жағдай жасау үшін білім беру жүйесін оқушы ұғымына түсінікті дәрежеде жеткізу. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған білім технологиялары дүниеге келуде. ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.Жаңа педагогикалық технология-мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Кез келген жаңа технология оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық-әдістемелік білімді, үлкен шеберлікті, шәкірттерден жан-дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Жаңа технологияны мақсаты- оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүзеге алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін арттырады, олардың білім сапасын жақсартады, ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Осы мақсатта ұйымдастырылған мектепішілік теориялық-практикалық әдістемелік семинарлар, ашық сабақтар мұғалімдерге әдістемелік көмек береді. Озық технологиялық әдістерді ұстаздарымыз барынша кең және жетілдірілген түрде қолдануға тырысады. Осындай жаңа технологияларды меңгере отырып, білім сапасын арттыруына ат салысып, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің іс-тәжірибесі мектеп ішінде таратылады.Келесі ұстаздар Сагындыкова Д.Т., Тулумбаева С.К., Кимбекова А.Ш., Баймужикова А.М., Касымханова М.М. тек қана мектеп ішінде емес, аудан көлемінде де іс- тәжірибелерімен алмасады. Сондықтан әр мұғалімнің қазіргі мақсаты сабақ сапасын көтеру үрдісін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ізденісін, таным деңгейін жоғарылату болмақ. Егер мұғалім үнемі ізденіс үстінде болса, білімін ұдайы жетілдіріп, қоғамдағы, білім беру үрдісіндегі соңғы жаңалықтарды меңгеріп, талмай еңбек ету жолында шәкірттеріне білімнің сара жолын ашпақ.
Балуанова Баткен Сұрағанқызы
СҚО, Жамбыл ауданы Озерный жалпы
орта білім беру мектебінің
оқу ісі меңгерушісі